Қызмет келушілердің барлық санаттары үшін кітапхана ғимараттарында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шолу, тақырыптық, авторлық экскурсияларды ұйымдастырады. Мемлекеттік және орыс тілдерінде ғылыми-экспозициялық жобалардың, стационарлық экспозициялардың тақырыптары бойынша көшпелі экскурсиялар жүргізеді. Экскурсоводтарды, гид-аудармашыларды даярлау курстарының тыңдаушыларына сараптамалық әдістемелік көмек көрсетеді (өзге де бейінді мекемелердің сұрауы бойынша).
Қызмет басшысының м. а. – Жүнісов Құмар Қазырқанұлы
Тел: +7 (7172) 69 30 40, 75 10 27
Экскурсияларды ұйымдастыру секторы экспозициялық қорды сақтаумен айналысады. Білім беру қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады. Экспозицияларға шолу және тақырыптық экскурсиялар ұйымдастырады, сондай-ақ экспозицияларға материалдар жинау бойынша ғылыми-зерттеу және ғылыми-іздестіру жұмыстарын жүргізеді.
Сектор жетекшісі – Жанқұлиева Айымгүл Қазбекқызы
Тел: +7 (7172) 75 36 49