Музей құндылықтарын есепке алу және сақтау қызметі

Қызмет музейлік қордың мемлекеттік есебін, музей құндылықтарын заңды және жеке қорғауды қамтамасыз етеді. Музей жинағын топтастыруды жүзеге асырады, музейлік заттарды бұзылудан, бүлінуден, ұрланудан қорғауға кепілдік беріп, толық сақтауды қамтамасыз ететін жағдайды жасайды. Есепке алу-сақтау және ғылыми-қор жұмысын ақпараттық-технологиялық қамтамасыз етумен айналысады. Музей жинақтары материалдарына зерттеу жүргізеді, ғылыми-қор зерттеулер нәтижелерін қоғамдық пайдалану үшін жағдай жасайды, сондай-ақ музей жинақтарын көпшілікке тарату жұмыстарын жүргізеді.

Қызмет басшысы – Күляйша Қабдуалиқызы АҚТАЕВА

Тел.: +7 (7172) 69 30 06, 75 12 10