Музей

Елбасы Кітапханасының Музейі екі ғимаратта орналасқан.

Ә.Бөкейхан, 1 көшесінде орналасқан «Назарбаев орталығы» ғимараты архитектуралық ерекшеліктерімен таныстырылатын туристік нысанның өзі болып табылады. Бұл жерде Елбасы Кітапханасы жинағының музейлік топтамасы, сонымен қатар архив және кітап экспозициялары орналасқан.

Ә.Бөкейхан, 1а көшесінде орналасқан Музей Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың заманауи қазақстандық мемлекеттілікті қалыптастырудағы рөлін көрсете отырып, тарих беттеріне саяхат жасауға мүмкіндік береді. Мұнда тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін айшықтайтын бірегей экспонаттар ұсынылған.