Кітап топтамалары

Н. Назарбаевтың еңбектері
Топтама құрамына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбектері енгізілген. Кітаптар қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде хронологиялық тәртіпте ұсынылған.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы кітаптар
Топтамаға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне, оның мемлекеттік тәуелсіздіктің қалыптасуындағы тарихи рөліне арналған кітаптар кіреді.

Қолтаңба кітабы: сыйлық, естелік, тарих
Топтамаға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының кітап қорларындағы мемлекет және үкімет басшыларының, Қазақстан мен әлем елдерінің танымал мемлекеттік, саяси, қоғам қайраткерлерінің, өнер, ғылым, мәдениет, бизнес және спорт қайраткерлерінің қолтаңбалары бар кітаптар, альбомдар және басқа да басылымдар ерекше орын алады.
Қолтаңбалар топтамасын жасау, ең алдымен, зерттеушілер мен көпшілік оқырманның қызығушылығының артуына байланысты, сондай-ақ басылымдардың түпнұсқаларын сақтау мақсатында орындалып отыр.

Сирек қор
Қордағы сирек кездесетін топтамалар мен көне басылымдар: Н. Назарбаевқа Миландағы Амброзиан кітапханасы сыйға тартқан Леонардо Да Винчидің эскиздері бар альбом, Елбасына қазақстандық ғарышкер Т. Мұсабаев берген ғарышта болған Құран, қасиетті Құран басылымдарының топтамалары, 1838 жылғы энциклопедиялық лексикон және т.б. Ең ежелгі кітап – 1667 жылы басылған «Шариғат нормалары: аяттар мен сүрелерге негізделген қолжазба».