24 ақпанда Елбасы кітапханасының көркемсурет галереясында қазақстандық суретші Гүлмарал Тәтібаеваның «Ойтолғау» атты жеке көрмесі ашылды. Көрме «Тәуелсіздіктің мәдени коды» жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.
Гүлмарал Тәтібаева – Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА түлегі, ҚР Суретшілер одағының, Еуразия дизайнерлер одағының және Еуразия шығармашылық гильдиясының мүшесі.
Бүгінде автордың жұмыстары Қазақстан, Түркия, Голландия, Корея, Латвия, Ресей, Иордания, Ұлыбритания, Қытай және басқа елдердің музейлері мен жеке коллекцияларында сақтаулы.