Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілдері Елбасы кітапханасымен танысты.
Сенаторлар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы музейінің залдарын аралады. Олар Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолы мен саяси қызметінен, тәуелсіз Қазақстанның құрылу тарихынан сыр шертетін экспозицияларды тамашалады.
Делегация мүшелері көпшілік назарына ұсылған материалдардың мазмұнын жоғары бағалап, ақпаратты ұсынудың заманға сай интерактивтілігін атап өтті.