Жаңалықтар

КІТАПХАНАДА «КИНОҚҰЖАТТАР ЖАСАУ ТАРИХЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

23 қараша 2022

Бүгін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында «Тәуелсіздік тарихына замандастар көзқарасы» іс-шаралар айдары шеңберінде «Киноқұжаттар жасау тарихы» тақырыбында кездесу өтті. 

Іс-шараның құрметті қонағы-режиссер, Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің «Кинорежиссура және телевизия» кафедрасының доценті Оралбек Рахманқұлұлы Сарыбасов болды.

Іс-шараға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері қатысты.

«ҚАЗЫНА ҚАЛДЫРҒАН ҚАЛАМГЕР» АТТЫ ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ

18 қараша 2022

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында белгілі жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сарай Әнес Төленұлы туғанына 85 жыл толуына орай «Қазына қалдырған қаламгер» атты әдеби кеш өтті.

Әдеби сағат аясында Сарай Әнес Төленұлының өмірі мен қызметі туралы презентациямен қатар жазушының жұбайы, мемлекеттік және қоғам қайраткері, жазушы Жағанова Алтыншаш естеліктерімен бөлісті, жазушының шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсынылды. 

«ЭКО СӘН» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

18 қараша 2022

ҚР Тұңғыш Президент кітапханасында «Эко сән» қалалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі және дефиле өтті.

Экосән - бұл қоршаған орта мен адам денсаулығына қамқорлық. Бұл жер шарын экологиялық апаттан құтқарудың алғашқы қадамы. Табиғи, экологиялық таза маталардан жасалған заттар адам денсаулығына зиян келтірмей, бізді қорғайды. Мысалы, соя талшығынан жасалған мата зиянды ультракүлгін сәулелерден қорғай алады ұстай алады.

Байқауды ҚР Тұңғыш Президент кітапханасы және Астана қ. Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы ұйымдастырды.

ЕЛІМІЗДЕ 2025 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ 127,8 МЫҢ (102,8 МЫҢ ТҰРАҚТЫ ЖӘНЕ 25 МЫҢ УАҚЫТША) ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

18 қараша 2022

«Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасын іске асыруға 15,9 трлн теңге, оның 15,5 трлн теңгесі – жеке инвестициялар бағыттау жоспарлануда.

 

https://toqaev2022.kz/kk/facts/2125 

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АЛМАТЫДА КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

17 қараша 2022

Президент жас кәсіпкерлермен кездесу барысында креативті индустрияның қазіргі әлемде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

– Қазақстан креативті индустрия саласында алдыңғы қатарға шыққанына өте қуаныштымын. Бұл тұрғыда Қазақстан туралы оң пікірлер айтыла бастады. Осындағы азаматтар бұған зор еңбек сіңірді. Сіздерге шын жүректен ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АЛМАТЫДА СТУДЕНТТЕРМЕН ЖӘНЕ ЖАС ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

17 қараша 2022

Президент Алматыда студенттермен және жас ғалымдармен кездесуінде олардың сөзін зейін қойып тыңдағанын  атап өтіп, ұсынылған барлық маңызды ғылыми жобалар мен технологиялық стартаптардың ел үшін мәні зор екенін айтты.

Мемлекет басшысы Алматы еліміздің ғылым мен білім ордаларының бірі  екенін  атап өтті.

– Әйгілі Қаныш Сәтбаев осы қалада Ғылым академиясының негізін қалаған. Көптеген ғалымдарымыз Академия қабырғасында қазақ ғылымын дамытуға орасан зор үлес қосты. Аға буынның абыройлы жолы лайықты жалғасын табуға тиіс, – деді Президент.

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ

16 қараша 2022

Президент қала жұртшылығымен кездесу барысында Алматының ел тарихында айрықша орын алатынын атап өтіп, осы қалада Егемендік декларациясы мен Қазақстанның Тәуелсіздігі жарияланғанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев шаһарды өркендетуге қатысты ой-пікірін айта келе, бірнеше бағытта атқарылуға тиіс жұмыстарға назар аударды.

ПРЕЗИДЕНТ МУЛЬТИБРЕНДТІ АВТОМОБИЛЬ ЗАУЫТЫНЫҢ ІРГЕТАСЫН ҚАЛАУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

16 қараша 2022

Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапары аясында Changan, Chery, Haval маркалы автомобильдер шығаратын зауыттың іргетасын қалау рәсіміне қатысты.

Президентке жобаның төлқұжаты таныстырылып, 2024 жылдың төртінші тоқсанында ашылады деп жоспарланған зауыттың үлгісі көрсетілді. Зауыттың өндіріс аумағы 100 мың шаршы метрден асады. Үш автокөлік маркасының әрқайсысы үшін дәнекерлеу және құрастыру жұмыстарына арналған жеке цех салынады.

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР! 15 ҚАРАША КҮНІ ЕЛІМІЗДІ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА – ТЕҢГЕ КҮНІ АТАЛЫП ӨТЕДІ

15 қараша 2022

1993 жылдың дәл осы күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Жарлығымен Қазақстанның ұлттық валютасы теңге алғаш рет айналымға енгізілді.

Ұлттық валюта – еліміздің экономикалық тәуелсіздігінің негізі, егемендіктің нышаны, жаңа тарих пен мемлекет болашағының ажырамас бөлігі.

Сіздерді Ұлттық валюта күнімен құттықтап, баршамызға қаржылық амандық, материалдық тұрақтылық және егемен Қазақстанның игілігі үшін жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін!

 

Қазақстан Республикасының 

Тұңғыш Президенті 

кітапханасының директоры

БАҚЫТЖАН ТЕМІРБОЛАТ