Жаңалықтар

ҒАБИДЕН МҰСТАФИННІҢ 120 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ» АТТЫ ӘДЕБИ КЕШ

29 қараша 2022

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында қазақтың көрнекті жазушысы Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығына арналған «Ұлт мақтанышы» атты әдеби кеш өтті.

Әдеби кешке Астана қаласының №75 мектеп-гимназиясының педагогтары мен жоғары сынып оқушылары қатысты.

Іс-шара аясында Ғ.Мұстафиннің өмірі мен қызметі туралы таныстырылыммен қатар, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері, қазақ журналистикасының ардагері, «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің шолушысы Сүлеймен Мәмет өз естеліктерімен бөлісті.

КІТАПХАНАДА "МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚҰЖАТТАНДЫРУ" СЕМИНАРЫ ӨТТІ

29 қараша 2022

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметін құжаттандыру"тақырыбы бойынша кітапхана базасында теориялық және практикалық сабақтар циклынан кезекті семинар сабағы өтті. Іс-шараға Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетінің I-ші курс студенттері қатысты. Л.Н. Гумилева. Студенттер құжаттаманы басқару тәртібімен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжат айналымын ұйымдастырумен танысты.

ЕЛОРДАДА «КӨҢІЛДІҢ АСЫЛ ПЕРНЕСІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН САЛТАНАТТЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

28 қараша 2022

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында «Көңілдің асыл пернесі» халықаралық шығармашылық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараға Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен миссиялардың басшылары, мәдениет және өнер өкілдері, танымал қазақстандық орындаушылар қатысты. 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

26 қараша 2022

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

2022 жылғы 26 қараша

Қазақстандық қоғам мен мемлекетті одан әрі жаңғыртуға бағытталған реформаларды тиімді іске асыруды жалғастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілсін.

Жаңа Қазақстан: жасампаз ұлтқа» екі күндік семинар-тренингтің ағымдағы 2022 жылдың соңғы дәрісі өтті

25 қараша 2022

23-24 қарашада «Жаңа Қазақстан: жасампаз ұлтқа» екі күндік семинар-тренингтің ағымдағы 2022 жылдың соңғы дәрісі өтті, оған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері қатысты.

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КІТАПХАНАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

25 қараша 2022

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында Халықаралық зияткерлік даму институтының директоры, профессор Джо Гю Юнмен кездесу өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және Астана Халықаралық университетінің студенттері, сондай-ақ Binom мектебінің оқушылары қатысты.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҰҚШҰ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

24 қараша 2022

Мемлекет басшысы Ереванда өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты. Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның төрағалығымен өткен саммитке Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысты.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, кезектен тыс өткен Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтаған жиынға қатысушыларға алғыс айтты.

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАСЫНДА ЖЕҢІС КӘКЕНҰЛЫНЫҢ ЖЕКЕ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

24 қараша 2022

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің кітапханасында Қазақстан Республикасы суретшілер Одағының мүшесі Жеңіс Кәкенұлының «Таңбалы» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті. Көрме отандық авторлардың жетістіктерін насихаттауға бағытталған «Тәуелсіздіктің мәдени негізі» жобасының жұмысын жалғастыруда.

ҚЫМБАТТЫ ОТАНДАСТАР!

23 қараша 2022

2022 жылдың 20 қарашасы еліміздің өміріндегі шын мәніндегі маңызды оқиға болды. 

Кезектен тыс Президент сайлауында Қ.К.Тоқаевтың кандидатурасын қолдап, Жаңа Қазақстанды құру жолындағы көлемді реформаларды іске асыратын белгілі бір белестен өттік.

Ендігі сатыда, еліміздің саяси тұрақтылығын, қарқынды экономикалық дамуын, азаматтарымыздың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын қамтамасыз етуге бағытталған қайта құру шараларын іске асыру үдерісіне қос білекті түріп, бір кісідей белсене атсалысуымыз қажет. 

Бірге болсақ – жеңіс қолда болмақ. Бірлік – жеңіске жетелейді!