2017 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің Күміс залында №18 орта мектеп оқушылары үшін «Жәдігерлер сыр шертеді...»: Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында сабақ-экскурсия өткізілді.

Тарихи жәдігерлерді Ғылыми-қолданбалы зерттеулер қызметінің ғылыми қызметкері Жұмабике Молдабекова сөйлетті. Оқушылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевқа табыс етілген жоғары мемлекеттік наградалар үлгісі бойынша ТМД, Еуропа және Азия елдерінің марапаттау жүйесімен кеңінен таныстырылды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің 200-ден асатын наградалар қорына Н.Ә. Назарбаевқа Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттерден табыс етілген мемлекеттік және қоғамдық наградалар кіреді. Олар музей топтамасындағы негізгі қорлардың бірі ретінде айрықша маңызға ие.
