«ЖАСЫЛ ҚАЗАҚСТАН» акциясы

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы «Жасыл Қазақстан» акциясын өткізді. Акция «Жасыл Жер» ЖШС және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры қолдауымен өтті.

1X7A4566

Елбасы кітапханасының қызметкерлері Еңбекшілер көшесінде орналасқан Назарбаев орталығы ғимаратының аумағына жүздеген түп ағаш отырғызды.

«Бүгін біз Елбасы кітапханасы үшін жаңа дәстүр бастап тұрмыз, - деді акция туралы түсінік берген Кітапхананың атқарушы директоры Бейсембай Жұмабеков. – Ағаш отырғызу шарасын жыл сайын ұйымдастыруды қолға алуды ойластырдық. Бұл біздің елорданы көгалдандыруға, экологиялық мәдениетті насихаттауға қосатын өзіндік үлесіміз болады».

1X7A4577

Ұйымдастырушылар жаппай ағаш отырғызу туралы Кітапхана ұсынысын еліміз бойынша қолдап, дәстүрге айналдыруға үлес қосушылар табылатынына үмітті.