ЖАСТАРДЫ ОҚЫТУ ДӘСТҮРІ ЖАЛҒАСЫП КЕЛЕДІ

Ағымдағы жылдың 27 қазаны мен 11 қарашасы аралығында Қазақстанның бірқатар жоғары оқу орындарының студенттері игі дәстүрге айналған «Болашаққа жол өзіңнен басталады» атты екі күндік семинар-тренингке қатысты. Қарағанды ​​индустриалды университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, сондай-ақ М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті студенттері Елбасы кітапханасының дәрістерін алды.

    

Особенностью нынешних занятий стало офлайн посещение семинара учащимися Западно-Казахстанского университета им. М.Утемисова.

   

Әлеуметтік-гуманитарлық және білім беру жобалары қызметінің қызметкерлері тыңдаушыларға «Тәуелсіздік дәуірі», «Төртінші өнеркәсіптік революция», «Болашаққа бағдар: рухани жағыру», «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыптарында дәріс оқып, көшбасшылық қасиеттерді дамытатын түрлі практикалық тренингтер өткізді. Осы орайда жастардың бірі бізбен пікір бөлісті:

   ,

– Елбасы кітапханасының екі күндік семинар-тренингтеріне биыл үшінші рет қатысып отырмын. 2019 жылы және былтыр жақсы әсер алған соң, биыл да шарада қуана атсалыстым. Байқағаным –  семинарлардың мазмұны жылда түрленіп, жаңарып отырады екен. Олардың аясында біз сияқты жастар ғылым, білім саласындағы озық тәжірибелерді сіңіріп, мамандығында игілікке жарата алады. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған тренингтердің арқасында еліміздің жүрегі - Нұр-Сұлтан қаласының төрінде білікті мамандар мен дарынды жастармен бас қосып, мәз боп қалдық. Мұндай шаралар кез келгенді шабыттандырып, қанаттандыратыны сөзсіз, - деді Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 4-курс студенті Әрсен Талғатұлы.