2018 жылғы 3-4 қарашада елордадағы арнаулы орта білім беру мекемелері арасында Елбасы кітапханасының көшпелі кубогы үшін қалалық пікірталас турнирі өтті.

Елбасы кітапханасы жанындағы «Ақиқат» пікірталас клубы 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді және ол алғашында елордалық мектептердің оқушыларын ғана біріктірген болатын. Клубтың белсенді жұмысы Астана қаласының мектептері, колледждері мен жоғары оқу орындарының топтарын біріктіруге және қалалық білім беру мекемелерімен өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың жаңа сапалық деңгейіне көтерілуге мүмкіндік берді.
Пікірталас британдық парламенттік үлгі бойынша екі кезеңмен өтті. Политехникалық колледжде өткен алғашқы іріктеу кезеңіне 100 адам қатысты, оның ішінде –16 қазақ тілді және 8 орыс тілді топтар. Елбасы кітапханасының Музейінде өткен финалға 8 топтан тұратын 40 адам қатысты. Қатысушылар талқылаған сұрақтар қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының басты мәселелерін қамтыды: заманауи қоғамда қаржылық және құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы; сұранымсыз мамандықтарға мемлекеттік грант бөлуді тоқтату; қылмыспен күресуде Сингапур тәжірибесін қолдану; Қазақстанда цифрландыру жүйені енгізу және т.б.
Дүбірлі додада қазақ тілді топта жеңімпаз атанғандар:
1 орын – «Темір жол тарландары» (Рауан Ермеков, Дарын Ибрагимов, Көлік және коммуникациялар колледжі);
2 орын – «Әділет» (Алмас Өмірәлі, Аружан Зекен, Менеджмент және бизнес колледжі);
3 орын – «Болашақ депутаттар» (Елдос Қаржаубай, Ділдар Күзенбай, Көлік және коммуникациялар колледжі).
Орыс тілді топтан шыққан үздіктер:
1 орын – «Young hearts» (Еңлік Тұрлыбекова, Олег Дмитриев, «Лингва» шет тілдер колледжі);
2 орын – «Локомотив» (Ксения Малышева, Зарина Сарваева, Көлік және коммуникациялар колледжі);
3 орын – «Лингва» (София Каханова, Дарина Таштитова, «Лингва» шет тілдер колледжі).

Іс-шара соңында Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткендері үшін колледж директоры К.С.Сенғазыев арқылы Политехникалық колледж ұжымына және пікірсайыс турнирінде белсенділік танытқан барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, шешендік өнерді одан әрі жетілдіруге, көптілділікті дамытуға шақырып, алдағы уақытта ағылшын тілді лиганы ашу маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Музей және Елбасы кітапханасымен он жылдан астам уақыттан бері ынтымақтастық жасап келе жатқан пікірталасшылардың тәлімгері Б.С. Жұрқабаевқа да алғыс айтылды.
– Президентіміз 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады және бұл Мемлекет басшысының жастар саясатын негізгі басымдық ретінде анықтап, оған ерекше көңіл бөлетіндігін көрсетеді, - деді Ботагөз Мұттахиденқызы өз сөзінде.