Бейбітшілік пен келісім, бірлік пен тұрақтылық – бұл мемлекетіміздің мызғымас тірегі. Бірлігі берік ұлт – кез келген тарихи жағдайдың өркендеуінің кепілі. Әлемдегі ең жас астана – Астана гүлденген Қазақстанның символына айналды. Бұл Елбасының салиқалы саясаты мен стратегиялық бастамаларының жеңісі.

Қазіргі заманғы Қазақстанның негізгі құндылықтары мен нәтижелі идеялары туралы «Астана – рухани келісім мекені» тақырыбында өткізілген дәрісте айтылды. Білім беру бағдарламасы аясында ұйымдастырылған бұл сабақ 20 ақпан күні Елбасы кітапханасы музейінде өтті.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Астананы қалыптастыру жолындағы рөліне Әлеуметтік-ағартушылық жобалар және білім беру қызметінің ғылыми қызметкері, дәріскер Қаламқас Өзенбаева кеңінен тоқталды.
Еліміздің жаңа астанасы – Астана Президенттің төл перзенті. Бүгінгі Астана – тәуелсіз Қазақстанның архитектуралық символы, адамның ерік қалауы мен Мемлекет басшысының батыл қадамының көрінісі.
Астана – жаһандық сәулеттік инновациялық алаң ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлемдік діндер мен конфессиялардың орталығы. Бүгінде елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өтеді.

№ 25 орта мектептің 7 сынып оқушысы Томирис Рүстемқызы:

«Менің ойымша, бұл жастарға өте қажетті тақырып. Жастар өз елінің жетістіктерін білуге міндетті! Біздің еліміздің дамуы үшін ең алдымен, бейбітшілік пен келісім керек. Бейбіт елде өмір сүру өзімізге байланысты. Дегенмен, еліміздің бейбіт сүйгіш саясаты – бұл алдымен Президент Н.Ә. Назарбаевтың еңбегі».

–Маған дәрісте көрсетілген сирек кездесетін мұрағаттық фотосуреттер мен құжаттар өте ұнады. Әсіресе, Рим Папасы Иоанн Павел II-мен кездесулер кезіндегі суреттерге қызыға қарадым. Мен осы дәрісте өзім үшін көптеген жаңа және пайдалы нәрселерді үйрендім, сол үшін дәріскерге алғысымды білдіремін, -деді № 25 орта мектептің 7 сынып оқушысы Дильнара Құрманәлиева.