«ЖАС ҰЛАН» РҚБ ТӨРАЙЫМЫ ДИНАРА СӘДУАҚАСОВА: «ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ КҮШІМІЗДІ ЕСЕЛЕУДЕ»

28 наурыз күні Елбасы кітапханасында «Көшбасшылар мектебінің» бескүндік семинар-тренингі басталды. Кітапхана мен қоғамдық ұйымның бірлескен шарасы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер РҚБ-ның және Елбасы кітапханасы жанындағы «Кемел Ел» мәдени-білім беру жұмысы және жастарды тәрбиелеу орталығының мүшелеріне арналып ұйымдастырылды.

0U3A3577

Семинар жұмысы жас активистер бойында көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, «Әлемді өзгертетін идеялар» жобасы шеңберіндегі жастар ұйымының мүшелері арасында ынтымақтастық байланыстарды нығайтуға бағытталған.

Бұл семинардың әрбір күні белгілі бір тақырыпқа арналған. Семинарға қатысушылар бірінші күні команда құру негіздерімен, екінші күні – көшбасшылық қыр-сырымен танысады. Ал, үшінші күні белсенділер  шешендік өнер және тайм-менеджментті оқиды, төртінші күні – бизнес жайлы, мақсатқа жету және оны іске асыру туралы білім алады.

0U3A3612

Бірінші күннің семинар-тренингі барысында оқушылар «Жас Ұлан» РҚБ ұйымының құрылу тарихы, мақсаттары және міндеттері туралы қысқаша мәлімет алды, жастар ұйымдарының өкілдері бір-бірімен танысты, команда құрудың әртүрлі кезеңдерін көріп үйренді. Семинар қатысушылары топтарға бөлініп, бесінші күнде дейін конкурстық тапсырманы орындайтын болады. Конкурстық тапсырма – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бейнеролик дайындау.

Семинар-тренингтің бірінші күнгі жаттықтырушысы – «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер» РҚБ-ның төрайымы Динара Сәдуақасова жастар аудиториясына семинардың мақсаттары мен міндеттері, практикалық мән-маңызы, болашақ жоспарлары туралы айтып берді. Динара Сәдуақасова: «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы жылы Елбасы кітапханасы мемлекеттік органдар және жастармен жұмыс істейтін әртүрлі қоғамдық ұйымдар күшін біріктіруге бағытталған «Әлемді өзгертетін идеялар» әлеуметтік жобасымен бастама көтеруі өте орынды. Осы аталған әрбір құрылым жастарды тәрбиелеу ісіне өз үлестерін қосуда. Оның үстіне олар бір-бірімен тәжірибе алмасып, бірін-бірі толықтыруда. Елбасы кітапханасы мен оның серіктестерінің бастамасы әлеуметтік оң нәтиже беретіндігіне кәміл сенемін», - деді.

0U3A3592