Құрметті отандастар!
Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!
Осындай ғажайып мереке Сіздердің отбасыларыңызды ерекше жылылық пен қуанышқа бөлеп, зор денсаулық, мол бақыт, құт-береке сыйласын! Аңсаған армандарыңыз орындалсын!
Сіздерге бейбіт өмір, мерекелік көңіл-күй, сәттілік, жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз! 2020 жылы барлық жоспарларыңыз жүзеге асып, табыстарға жетелесін!
Құрметпен,
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының ұжымы.
