28-29 сәуірде Елбасы кітапханасының «Болашаққа жол өзіңнен басталады» вебинарына Алматы, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарының 90 жоғары сынып оқушысы қатысты.
«Елбасы кітапханасының екі күндік вебинары жоғары деңгейде өтті. Өте қызықты, танымды форматта өткен оқу курсы білім көкжиегімізді кеңейтті. Алдағы уақытта тағы да қатысқым келеді. Барлық берген мағлұматтар мен бөлген уақыттарыңыз үшін алғысым шексіз. Барлығын түсінікті тілмен, ерекше әдіспен түсіндіре білдіңіздер», – деп жазды Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе-мектеп гимназиясының 10-сынып оқушысы Меруерт Абаева.

«Маған семинар-тренинг ұнады, көптеген жаңа ақпарат алдым, теориялық тұрғыдан да, іс жүзінде де пайдалы болды. Мен Елбасымыз айтқан рухани жаңғыру тақырыбы бойынша білімімді жетілдірдім», – деп ой бөлісті Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Күлтөбе орта мектебінің 9 сынып оқушысы Гүлайым Жолтай.

Белсенді қатысқандары үшін Әли Әмірәліұлы, Қанат Әміржан, Әнел Мамытханова, Алиса Жаңабаева, Милана Чернухина, Нұргүл Байғалиева, Шапағат Бақтыгереев, Жанна Жұбан, Ләйса Молдашева, Зейнеп Құдайберген, Аяужан Насырова, Әсел Төлеп, Аяулым Шаймырза, Жандос Тайлақов Алғыс хатпен марапатталды. Томирис Гаитова, Оксана Чарикова, Айдана Қапасова, Ершат Рамазанов, Алмаз Райымбек ең қызықты жоба иегерлері атанды.
Түркістан облысы Жетісай ауданы «Жеңіс» мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байрамгүл Қарасаева «Болашаққа жол өзіңнен басталады» вебинарын қоғамдық сананы жаңғырту, рухани даму, жалпыадамзаттық құндылықтар мен патриотизмді қалыптастыру және тәрбиелеу тәсілі ретінде қарастыруға болатынын атап өтті.