Елбасы кітапханасының елорданың мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде «Жәдігерлер сөйлейді...» топтамасынан көшпелі мұражай сабақтарын өткізуі жақсы дәстүрге айналған. 14 ақпан күні № 5 «Ақбота» балабақшасында «Менің шежірем – ел шежіресінің бір бөлшегі» атты сабақ өтті. Сабақ Елбасы кітапханасы музейінің залдарына шолу жасайтын «Әліппе – жол сілтеуші» түрінде өтті. Балалар ойын мен танымдық экскурсиялардың бірегей үйлесімін ұсынатын «Әліппе – жол сілтеуші» арқылы отандық тарихтың жарқын беттерімен және таңқаларлық мұражай жәдігерлерімен танысады.
Квест түрінде өтетін көшпелі сабақтар Музей жәдігерлерін жаңаша танытып, оның айрықша ахуалын сездіреді. Әртүрлі инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану сабақты қызықты саяхатқа айналдырып, балалардың өйөрісін кеңейтуге, олардың шығармашылық сабақтардың жаңа түрлерімен танысуына мүмкіндік берді. Сабақтың жарыстық негізі кішкентай қатысушылардың қызығушылығы мен ынтасын айтарлықтай арттырды.
Сабақ барысында балалар батырлар институтымен, оның ішінде Қарасай батырдың өмірбаянымен танысты. Жас жеткіншектер жауынгерлік ерлік жасауға жігер беретін батырлардың бата беру театрландырылған қойылымына белсенді қатысты. Қазақтың дәстүрлі әскери қару-жарағы - «бес қаруға» ерекше назар аударылды. Сабақтың ең маңызды бөлігі саналатын жанасу әдісі арқылы ерекше өткен сабақ балалармен қатар тәрбиешілердің де қызығушылығын тудырды.
№ 5 «Ақбота» балабақшасының әдіскері Майра Елубаева:
- Бұл - мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлеріне арналған шеберлік сабағының керемет үлгісі. Сұрақ-жауап ойындары, театрландырылған қойылымдар, квесттер арқылы бірегей және әдістемелік тұрғыдан сауатты ұйымдастырылған сабақтар өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуді мүлде жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Осындай жастағы балалар үшін жанасу әдістерін қолдану өте маңызды. Балалардың қайталанбас тарихи жәдігерлерді көріп қана қоймай, қолымен ұстап көруі - керемет. Жеткіншектер туған ел тарихының қойнауына бойлады деп айтуға да болады. Осындай мазмұнды да танымдық іс-шара үшін, балақайларымызға сыйлаған ғанибет үшін Елбасы кітапханасының басшылығы мен қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді.


