Бүгін Әзербайжан Республикасы ұлттық мәжілісінің төрағасы Сахиба Гафарованың бастаған депутаттар делегациясы Елбасы кітапханасына келді.
Әзербайжан Парламентінің спикері мен депутаттары қазақстандық әріптестерімен бірге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы музейінің залдарын аралады.
Сапар соңында Әзербайжан Республикасы ұлттық мәжілісінің төрағасы С.Гафарова Гейдар Әлиев пен Нұрсұлтан Назарбаевтың Бакудегі кездесу сәтінің тарихи суреті мен «Azerbaijan. Elegance of Fire» фотоальбомын табыстады.
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры Б.Темірболат өз кезегінде мейманға «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабын тарту етті.






