ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҢ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың а.ж. 1 қыркүйектегі Жолдауының маңызды аспектілерінің бірі – ұлттық білім беру жүйесінің жай-күйі.

Мемлекет басшысы жүйенің барлық деңгейіне тоқталып, мектепке дейінгі білім берудің басымдығын атап өтті. Көптеген шетелдік және отандық ғылыми зерттеулер мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау, физикалық және психологиялық қасиеттеріне жақсы әсер ететін, олардың бойында қоршаған әлемді тануға, тәуелсіздікке құштарлықты қалыптастыратын, қарым-қатынастарды орнату дағдыларын дамытатын ерте тәрбиенің сөзсіз пайдасы мен маңыздылығын дәлелдеді.

Баланы жастайынан тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлу Ұлы Дала елінің педагогикалық дәстүрінде қашанда орын алған. Қ.К. Тоқаев өз сөзінде «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп атып өтті.

  Бүгінгі таңда интеллектуалды дамыған және бәсекеге қабілетті қазақстандық жастарды дайындау жолындағы күрделі кедергі – белсенді ойлау қабілеті байқалатын «алтын» жастағы (2 жастан 6 жасқа дейінгі) балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту үлесі 50% ғана  болып табылуы. Осылайша, олардың жартысы жеке тұлғаның икемді және берік білім беру, зияткерлік және мәдени негізін қалау үшін маңызды уақытын жоғалтады.   Қ.К. Тоқаевтың Жолдауында белгіленген білім беру қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесі мен еңбекақысын көтеру, осы сала мамандарына нақты талаптар қою, жүктемені кезең-кезеңмен қысқарту секілді нақты қадамдар мектепке дейінгі мекемелердің кадрлық әлеуетін жан-жақты дайындалған және өз ісіне берілген педагогтардан қалыптастыруға бағытталған.

  Орта білім деңгейінде авариялық және үш ауысымдағы мектептер, қалалар мен ауылдардағы білім инфрақұрылым сапасының айырмашылығы секілді бүгінгі күнге дейін шешімін таппай келе жатқан мәселелері көтеріліп келеді.

Орта білім беретін мектептің негізгі міндеті – «Жайлы мектеп» жаңа ұлттық жобасын жүзеге асыру арқылы қазақстандық мектеп оқушыларының білім алуына және жан-жақты дамуына лайықты жағдай жасау.

Осындай жағдайда, Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанды құруда мектеп мұғалімдері шешуші рөл атқарады» деп орынды атап өтті.

Орта білім беруді қаржылық қолдаудың тиімді шарасы ретінде Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаев жемқор шенеуніктерді соттау нәтижесінде мемлекетке қайтарылған барлық қаражатты мектеп құрылысына жұмсауға шешім қабылдады.

Орта білім беру деңгейінің мазмұндық жағында жоғары сыныптарда жаратылыстану-математикалық цикл және ағылшын тілі пәндерін оқытуды күшейту, қазақ және орыс тілдерін сапалы оқыту қысқа мерзімді перспективада төртінші өнеркәсіптік революция және жаһандық ғылыми-техникалық прогресс жағдайында қазақстандық жастардың ішкі және әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыратын болады.

Жолдауда жоғары білім беру саласында оның қолжетімділігі, университеттермен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін белсенді пайдалану арқылы студенттерді жатақханамен қамтамасыз етудің маңызды мәселелері қозғалды.

Ежелгі грек философтары: «Балаларға өскенде не пайдалы болатынын үйрету керек» деп жазған. Жалпы, Мемлекет басшысының қыркүйектегі стратегиялық құжатта жарияланған тапсырмалары қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.

  

Әкімшілік-кадрлық, құжаттамалық және

құқықтық жұмыс қызметінің басшысы

Д. Нығметұлы