04.11.2014 ж. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында www.presidentlibrary.kz сайтының тұсауы кесілді.
Сайттың ерекшеліктері:
Қазақстан Республикасы Президентінің қызметі фото түріндегі жаңалықтармен беріледі;
Сайт арқылы Елбасы Кітапханасының электронды кітапханасымен танысуға мүмкіндік бар. Ол екі бөліктен тұрады – Мемлекет басшысының Жеке электронды кітапханасынан және мәліметтердің электронды базасынан. Электронды база арқылы оқырман 13 млн. 132 мың мәліметке қол жеткізе алады. Бағыттары сан-алуан: саясат ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар, тарих ғылымдары, экономика ғылымдары, мәдениет, әдебиет, менеджмент, география. Сайтымызға тіркелген адам Дүниежүзілік электронды кітапханамен және электронды журналдар кітапханасымен жұмыс істеуге ерекше мүмкіндік алады;
Тіркелген қолданушы «Бұлтты қор мұрағаты 20+» жұмыс істей алады. Онда Мемлекет басшысының қызметіне байланысты фотосуреттері, бейнемұрағат бір жүйеге келтірілген;
Сайттың тағы бір ерекшелігі – Интернет-телевизия. Онда Елбасы кітапханасында болған шаралар бейнематериал, фильм түрінде жүктеледі. Сонымен қатар, интернет-телевизия арқылы белгілі-бір шараны онлайн режимінде таратуға мүмкіндік бар;
Кітапхана сайтының виртуалды туры арқылы қашықтықтан Мемлекет басшысының Жеке Кітапханасының контентімен, «Әлемді өзгертетін идеялар» атты интерактивті білім беру орталығымен жұмыс істеуге болады;
Аңдатпа бөлімінен Кітапханада болатын шаралар тізімімен таныса аласыздар:
«Әлемді өзгертетін идеялар» дөңгелек үстелі онлайн түрінде беріледі;
«Тұңғыш-Первый» деректі фильм апталығы;
Жас ғалымдар мен мұғалімдерге арналған «Біздің ел – Біздің Президент» тренинг-семинарлар туралы бейнематериалдарды;
«Әлемді өзгертетін ойлар» атты Республикалық сайыстың салтанатты түрде қорытындылануы туралы.



