ВИРТУАЛ КӨРМЕ «ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ СОТ РЕФОРМАСЫ ТУРАЛЫ ЖАЗБАСЫНАН» СЫР ШЕРТПЕК

         Қазақстан Республикасы Ата заңының 25 жылдығы мен Ш.Уәлихановтың 185 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы виртуал көрмесін ұсынады. Оның аясында көрермендер белгілі қазақ ғалымы Шоқан Уәлихановтың XIX ғасырдың екінші жартысында жазған құнды ізденісімен таныса алады. Бұл құжат – қазақ халқы құқығының тарихынан сыр шертетін құнды архив материалы.

Дәстүрлер сабақтастығы мен тарихи сананы сақтау міндеті ұлттық идеяның, Елбасы мемлекеттік саясатының негізі ретінде алғашқы жылдардан бастап-ақ қалыптасты. Халықтың тарихи-мәдени мұрасы ұлттық бірегейлікті орнатудың іргетасына айналды. Оның жасампаз күші көпұлтты және көпконфессиялы қоғамның бейбітшілігін сақтауға, мемлекеттің даму жолын анықтауға мүмкіндік берді.

– Бүгінде барша әлемдегі саясаткерлер мен тарихшылар,  журналистер мен зерттеушілерді Қазақстан қалайша сынақтар мен ұлтаралық кикілжіңдерді болдырмай сәтті реформаларды жүзеге асырып, жалпыұлттық идеологияның негізін салды деген сұрақ қызықтырады. Бұған Елбасының тікелей қатысуымен және халықтың қолдауымен жасақталған біздің Конституция жауап береді. Бүгін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев азаматтарымыздың мүдделері мен мемлекетіміздің егемендігін қорғай алды деп сенімділікпен айта аламыз. Бұл кісі кәсіби дағдыларымен қатар жоғары адамгершілік қасиеттерге ие. Сондықтан Қазақстан азаматтары оны құрметтейді, жақсы көреді, әлем көшбасшылары оның пікірімен санасады, - дейді Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов.

  

1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған  Қазақстан Республикасының Ата заңы еліміздің тәуелсіздігін дәйектейтін айғаққа айналды. Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың конституциялық құқықтың әлемдік тәжірибесін мұқият зерттеуді тапсырған соң, әу баста ұжымдық талқыға заңның 33 мың жобасы ұсынылған болатын.  Бұл туралы халық алдында сөйлеген сөзінде Н.Ә. Назарбаев: «Жаңа Конституциямыз елдегі ұлтаралық келісім мен азаматтық бейбітшілікті сақтай отырып, саяси және экономикалық реформалардың тұрақты дамуына бар жағдайды жасай алады»,– деген болатын.

Қолданыстағы Ата заң ширек ғасыр бойы Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығын қорғап келеді. Ол заман талабына сай болып қана қоймай, дәстүрлі қазақ қоғамының құқығына негіз болған құндылықтарды қамтып отыр.

Конституция күні қарсаңында виртуал көрме билер соты сүйенген дәстүрлі қазақ қоғамының тарихын терең ұғынуына мүмкіндік береді. Ол идеяларды, құқық пен этиканы біріктіре отырып, қазақ халқының құқықтық мәдениетін қалыптастыруда шешуші рөл атқарды.

Отандық тарихшылар мен заңгерлер билердің қызметін жоғары бағалайды. Атап айтқанда, бірқатар еңбегін құқық тарихына арнаған академик С.З. Зиманов «қазақ билер соты – тарихи маңызы бар құқықтық жүйелер әлемінде ерекше орын алуға лайықты бірегей сот жүйесі» деп санайды.

Ұлы хандар мен батырлардың есімдерімен қатар халық жадында сақталған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және басқа да көрнекті билердің есімдері мен қызметі Қазақ хандығының мемлекеттік саясатына да, әрбір азаматтың тағдырына да әсер еткені кездейсоқ емес. Бірнеше ғасырлар бойы билер соты халық арасында әділеттілікті қорғайтын толыққанды сот жүйесі болды. ХІХ ғасырда билер соты институтын қайта құру және біртіндеп тарату процесі басталады.

1854 жылы патша үкіметі сот реформасын жүргізіп, дәстүрлі сот ісінің ғасырлық тәжірибесін түбегейлі өзгертті. Іс жүзінде халық адал, бейтарап сот құқығынан айырылып, бюрократия мен парақорлыққа тап болды. Шоқан Уәлиханов сот реформасының салдарын дұрыс болжап, жағдайды қатты алаңдады. Ол мәселені жан-жақты зерттеп, статистикалық мәліметтер мен қоғамдық-саяси пікірге негізделген «Сот реформасы туралы жазбасын» жазып шықты. Өз еңбегінде ол билер сотының басты артықшылығы  жасандылық пен кез келген ресми тәртіптің болмауында екенін жазады. Зерттеушінің айтуынша, бидің ақыл-парасаты, абыройы сот әділдігінің кепілі іспеттес еді.

Ш.Уәлиханов халықтың мүддесін қорғау қажеттігін сезінді. Дәстүрлі әлеуметтік байланыстар мен реттеуші тетіктердің тез жойылуын бақылай отырып, ол туындаған мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын іздеді.

Ол осы жолдардың бірін билер соты институтының сақталуынан байқады. «Сот реформасы туралы жазба» ғылыми және көркемдік тұрғыдан қызығушылық тудырады. Ғалымның көзқарастары қаншалықты озық болғанын түсіну үшін жұмысты толығымен оқып шыққан абзал. «Біздің уақытымызда реттеу мен формализмді анахронизм деп қабылдау керек...» деп автор бар маңыздылықты ашады.

Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі қарапайым құқықтың дәстүрлі нысандарынан бастап «Алаш» үкіметінің бағдарламалық құжаттарына, Кеңес одағының бірқатар конституциясынан бастап егемен  мемлекеттің қолданыстағы Конституциясына дейінгі жолды кешті. «Сот реформасы туралы жазба» авторының тезисі мынадай: «Қайта құрудағы кез келген істі іске асырып, нәтижесін сақтап қалу үшін жүргізілмек реформаның материалдық қажеттіліктерге сәйкес келгені абзал. Оның пайдасы қоғамның ұлттық сипатына бейімделуі қажет».  Қазақстан Республикасының Конституциясы – әлем қауымдастығындағы тең құқықты, белсенді мемлекет деп мойындалған тәуелсіз Қазақстанның негізін қалыптастырып, дамуын нығайтқан дәуір игілігі.

 

Көрме материалдарымен мына сайттан:

https://presidentlibrary.kz/ru  «Виртуалды көрмелер» бөлімінде танысуға болады.