В Библиотеке Лидера Нации побывали члены ППО партии «Нур Отан»

«Нұр Отанның» бастауыш партия ұйымдарындағы 70 белсенді Елбасы кітапханасының тарихи құндылықтарымен танысты. Бүгін елордамыздың әртүрлі мекемелерінде еңбек ететін қызметкерлер үшін экскурсия ұйымдастырылды. Меймандар қазақстандық жолды қалаған Елбасымыздың жаһандық бастамалары мен идеяларына, еліміздің дамуынан сыр шертетін құнды жәдігерлерге үңілді. Партияластарымен келген Ксения Шейло рухани ордаға алғаш рет аяқ басқан. Нәзік жан «Астана-Өнім» АҚ тер төгеді. Жас маман сүт өнімдерімен ішкі нарықты бағындырған кәсіпорынның есеп-қисабын мойнына алған. Оның күнделікті қызметі нақтылық пен дәйектілікті талап етеді. Бойға жаңа күш-жігерді Елбасы кітапханасындағы рухани, мәдени, тарихи мұралар дарытқан.

0U3A8661

– Елбасы кітапханасының ғимараты алыстан менмұндалайды. Сәулеті ерекше нысанның іші де рухани байлығымен көз тартады. Жәдігерлер арқылы еліміздің қарышты дамуына куә боламыз. Мемлекет басшымыздың жазған кітаптары мен қабылдаған тағдырлы шешімдері тәнті етті. Оның көрегенділігін, жан-жақтылығын тарихи құжаттар арқылы тануға болады. Меніңше, еліміздің кез келген тұрғыны Елбасы кітапханасын аралап, бұл жердегі отансүйгіштік рухты және ел үшін еміренудің үлгісін сезінуі тиіс, - деп өзінің әсерімен «Астана-Өнім» АҚ есепшісі бөлісті.

4141

Айдар Төлеутай ғимараттың сәулеттік құрылысына тәнті. Оның қызығушылығын Елбасының жеке қолданған заттары, заманауи құрылғылардың кәдеге жаратылуы оятқан. «Кітапхананың мұрасы бай. Тарихи құндылықтармен қатар талай ғасырдың куәсіне айналған жинақтар көп. Тағылымды мекемеден ойға тоқитын нәрсе көп. Әсіресе жастар үшін оның маңыздылығы жоғары», - дейді «ҚР Президент Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМҚК өкілі.

Семей ядролық полигонының жабылуымен, бейбіт өмірге шақырған Елбасының манифесімен Саха Республикасының тұрғындары да танысты. Алыстан ат терлеткен меймандар еліміздің ширек ғасырдағы қалыптасу жолына ерекше қызығушылық танытқан.

1X7A8774-восстановлено

– Ондаған жылдардан бері Қазақстанды көру – мен үшін арман еді. Халықтың мәдениетімен және дәстүрімен жақынырақ танысқым келеді. Мен Мемлекет басшыларыңыздың сарабдал саясатына тәнтімін. Оның халыққа етене жақын екендігін Елбасы кітапханасындағы жәдігерлер арқылы байқадық. Оны қазақстандықтар да қолдап, өздерінің отансүйгіштіктерін паш етуде. Қаланың мәдени орындарын араладық. Түйгенім көп. Ең бастысы Астана тұрғындарының бойынан еркіндік, туған қалаға деген сүйіспеншілік сезіледі, - дейді якутиялық Марина Иннокеньева.

– Қазақстанмен танысу үшін 7 адам бірлесе келдік. Астананың ажары тәнті етті. Зәулім ғимараттан анадайдан менмұндалайды. Біздің Якутск қаласында ауа температурасы -60 градус аязға дейін жетеді. Сондықтан көпқабатты ғимараттар салынбайды. Жаңа жылды Қазақстанда қарсы алуды жоспарлап отырмын. Елдеріңізде тілеген армандарым орындалатынына үміттенемін, - дейді якутиялық мейман.

0U3A8665

0U3A8652 0U3A8647