Құрметті достар!
Сіздерді келе жатқан Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Табиғат оянып, айнала жаңарып, жер жүзі масатыдай құлпырып, әлемге шаттық пен қуаныш сыйлайтын, ізігіліктің нұры төгілген Наурыз барша қазақстандықтар үшін жарқын әрі ерекше мерекелердің бірі екені мәлім. Наурыз – жаңарудың, достықтың, ынымақтастықтың, ырыс-берекенің мерекесі, халықтар бірлігі мен татулығының бастауы. Осыны тереңнен қастерлеген бабаларымыз бұл күнді жыл басы деп санаған. Жаңа жылда біз әрдайым жақсылықтар мен асқақ армандардың орындалуын күтеміз. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға ырыс пен береке, қызметтеріңізге толағай табыстар тілейміз!