Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыз.

123221

Жеңіс күні – керемет мереке. Әкелеріміз бен аталарымыздың арқасында біз бүгін ашық аспан астында өмір сүріп, қуатты мемлекет құрап, келешекке сеніммен қараймыз.

Жеңіс күні – еске алу күні. Арада қанша уақыт өтсе де, халқымыздың бұл соғыстағы ерлігінің мәні ешқашан өшпейді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдегендей: «Біз адамзат тарихындағы ең азапты соғыста жеңіске жеткізген батырларымызды әрқашан есте ұстайтын боламыз».

Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен береке тілейміз!