ҰЛЫ ДАЛА ТАРЛАНДАРЫ. ӘЙГЕРІМ БЕРЕКЕШЕВА

 «100 жаңа есім» жобасы – бұл өзінің сүйікті ісінде табысқа жеткен қазақстандықтардың тарихы. Бұл шығармашылық адамдар, спортшылар, дәрігерлер, кәсіпкерлер, мұғалімдер және басқа да жандар. Ендігі кезекте жоба жеңімпаздары  өз жетістіктерімен өзге жандарды шабыттандырады.

Табысты корпоративтік заңгер Әйгерім Берекешеваның есімі тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал. Бір жарым жыл бұрын ол Нью-Йоркте өзінің заңгерлік кеңсесін ашып, өзінің көптен күткен арманына қол жеткізді. Әйгерім ендігі жоспарында Қытайда өз кеңсесін ашуды, агроөнеркәсіп, өндіріс, құрылыс, энергетика алыптарына қызмет көрсетуді, Қазақстанға инвестициялар тартуды көздеп отыр.

«Мен қазір 30 жастамын. Мұның бәрін 2012 жылдан бастадық. 7 жыл ішінде біз халықаралық нарықтағы заң саласының ірі ойыншыларының біріне айнала білдік. Біздің Қазақстанда, Италияда және АҚШ-та кеңселеріміз бар. Қытайда кеңсе ашуды жоспарлап отырмыз. Ұлы Жібек жолын құқықтық өріс арқылы біріктіргіміз келеді», – деді Әйгерім 2019 жылғы жоба жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының «Бизнес» номинациясы бойынша жеңімпазы Әйгерім Берекешева АҚШ-тың ең танымал және беделді университеттерінің бірі – Колумбия университетін тәмамдаған. Осы оқу орнынан танымал тұлғалар АҚШ-тың  төрт Президенті, 97 Нобель сыйлығының лауреаты, 101 Пулитцер сыйлығының лауреаты, 26 шет ел басшылары түлеп ұшқан. 

«Колумбия университетінің магистратурасынан кейін мен Нью-Йорктегі «Ernst & Young» кеңсесінде тағылымдамадан өттім. Қазақстанға оралып, «Rosenblatt & Company» компаниясына жұмысқа орналастым. Біраз уақыттан кейін серіктестер мені тек заңгер ғана емес, клиенттермен жұмыс істейтін басшы рөлінде көретіндерін айтты», – деп еске алады Әйгерім.

А.Берекешева 2012 жылы  «ILF «Adilet & Alem» жеке халықаралық заң компаниясын  ашты. Компанияның алғашқы ірі клиенттерінің бірі «Арселор Миттал» металлургиялық компаниясы және «Промстройконтракт» құрылыс тобы болды, олардың жақсы пікірінен кейін басқалар да ілесе бастады. Бүгінде клиенттер арасында «Қазпошта», OTIS, Viled Group, PetroChina, Prada Group Kazakhstan, Americana group (KFC, Pizza Hut, Hardee’s, T.G.I. Friday's, Costa Coffee, Baskin Robbins, Krispy Kreme) және басқа да компаниялар бар. Adilet & Alem кеңселері Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында орналасқан, ал серіктестік өкілдіктері Канадада, Сингапурда, Миланда, Лондонда орналасқан.

«Біз мүдделердің бір жолғы өкілдігімен ғана айналыспаймыз, сонымен қатар ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа, мысалы, OTIS-пен шарт жасасамыз. Компанияның Қазақстан аумағында барлық заң мәселелерін жүргіземіз, сондай-ақ оған «KPMG» және «Deloitte» қызмет етеді», - дейді Әйгерім.

ILF Adilet & Alem – «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ-мен меморандумға қол қойған, оған сәйкес барлық жобаларды Қазақстандағы шетелдік инвесторлармен ресми түрде жүргізетін жалғыз Заң фирмасы.

Компания NASDAQ, SEC ірі қаржы реттеушілерімен жұмыс істеу, АҚШ пен Ұлыбританияда қылмыстық істерді  жүргізу, токен және криптовалютамен тікелей жұмыс істейтін компаниялардың қызметін сүйемелдеу, жасанды интеллектті дамыту сынды жобаларды жүзеге асырады.

Әйгерім Нью-Йорк адвокаттар алқасының мүшесі және COCAD (Consortium of Central Asia Development) заңды тұлғалар қауымдастығының тең құрылтайшысы. 2017 жылы Еуропаның топ банктерінің бастамасымен құрылған ұйым қазақстандық жобаларды қаржыландырумен айналысады.

Әйгерімнің заңгерлік бизнестегі жетістіктері FORBES-та атап өтіліп, ол Forbes Kazakhstan 2019 «30 жас 30» топ 30 номинациясына енді. Жыл сайын Forbes-тің «30 жас 30» жаһандық рейтингіне 600  жаңашыл жас кіреді, олардың идеялары мен жобалары әлем туралы түсінігімізді өзгертеді, олар өздерінің ержелерін әр түрлі индустрияларда ұсынады.