Нұргүл Ұлжекова құрған әлемде бірде-бір бала шектеуге ұрынбайды. Оның миссиясы – қоғамды мүмкіндігі шектеулі жандарды барлық салада, тең жағдайда және тең мүмкіндікте қабылдауға үйрету. Нұргүл Төленқызы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасында «Спорт» айдарында жеңіске жетіп, миллиондаған қазақстандықтың назарын аударған еді. Оның жеке жетістігіне «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорын құруы, бұл ұйым мүмкіндігі шектеулі балаларды бейімдік дене шынықтыру және спорт әдістерімен әлеуметтік оңтайландыру жұмысымен айналысады.
Нұргүл Төленқызы – үш баланың анасы, олардың біреуі ерекше қажеттіліктерге ие. Қазіргі қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандар күн сайын көптеген мәселелерге тап болатыны жасырын емес. Осы әлеуметтік әділетсіздікті жеңу үшін Нұргүл Улжекова 2016 жылы «Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық бірлестігін құрды.
«Тек өзімнің ерекше балама ғана емес, дәл осындай жүздеген балаға көмек қолын созуға деген аналық тілегім соңғы төрт жылда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған тегін, инклюзивті спорт клубтарын ұйымдастыруға түрткі болды. Қозғалыс - бұл өмір. Бұл сөздердің біздің балаларымыз үшін мәні мен өзектілігі ерекше », - дейді Н.Ұлжекова
Азаматтық қоғамның өкілі ретінде Нұргүл Ұлжекова парламенттік тыңдауларға, тиісті министрліктердің жұмыс топтарына белсенді қатысады, онда мәселелерді шешу жолдарын ұсынады. Салыстырмалы қысқа мерзімде ол үлкен жетістікке қол жеткізді. Қазіргі кезде «Тең мүмкіндіктер әлемі» қорының бөлімдері әртүрлі пішінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытады. Ерекше балалар каратэ, таэквондо, жүзу, инклюзивті хореография, бочча, голбол, спорттық бағдарлауға барады. Бұдан өзге балалар үнемі жарыстарға қатысады.
«Барлық бала бақытты болуы керек. Біз әрбір ерекше балаға кем дегенде бір рет үлкен жетістікке жетуге қолғабыс етуге ұмтыламыз. Өйткені, дәл осы сезім оларға болашақта күш береді, спортқа деген тұрақты қызығушылықты оятады», - деп сенеді Нұргүл Ұлжекова.
2017 жылы Нұргүл Ұлжекова мүмкіндігі шектеулі балаларды дербес тұлға ретінде қалыптастыруға және спорт арқылы әлеуметтік бейімделуге бағытталған «Саламатты болашақ» авторлық әлеуметтік жобасын жасады. Балалар бейімдік спортпен шұғылданады, иммунитетті күшейтеді, денсаулықтың қайта асқыну жолдарымен күреседі, құрдастарымен араласып, әлеуметтенеді. Тұрақты физикалық жаттығулар олардың интеллектуалды және коммуникативтік дағдыларын жақсартады. Нұргүл белсенді өмірлік ұстанымы арқасында бірқатар мемлекеттік, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардан қолдау таба алды. Бас серіктес – «Samruk Kazyna Trust»
«Саламатты болашақ» жобасы аясында бейімдік дене шынықтыру және спорт бойынша алғашқы қазақстандық оқулықтар орыс және қазақ тілдерінде жасалды. Оларда бейімдік дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның спорттық нормативтік-құқықтық базасы және қазақстандық бейімдік спорттың даму тарихы бар.
«Ерекше қажеттіліктері бар бала спорттық жүйелік жұмыстарға неғұрлым ерте араласса, соғұрлым оның қоғамға бейімделуі және өмірлік дағдылардың жеткілікті дамуы сәтті жүреді. Мұндай балаға мектепте оқу оңайырақ болады және болашақта жұмыс табу мүмкіндігі артады. Біз «ерекше» спортшыларымыздың таңғажайып нәтижелерін көріп отырмыз. Балалар біздің жаттықтырушылар мен дәрігерлер құрамының арқасында өсіп, спорттағы жетістіктеріне қол жеткізуде. Мен тағдырға қашан да біздің қорға сәттілікті серік етіп, дамуымызға жол ашқанына ризамын», - дейді Н.Ұлжекова.
Нұргүл «Саламатты болашақ» жобасының тәжірибесін бүкіл елге таратуды жоспарлап отыр. Бұл мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан түскен өтініштердің көбеюіне байланысты. Жобаның басты мақсаты - үкіметке білім берудің барлық деңгейлерінде кез келген жастағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бейімдік дене тәрбиесінің маңыздылығын жеткізу.




