ҰЛЫ ДАЛА ТАРЛАНДАРЫ. НАЗГҮЛ ЖӘКЕНОВА

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының «Қоғам» номинациясы бойынша жеңімпазы Назгүл Жәкенова балалармен бірге оқу – бұл эмоционалдық тәрбиенің тамаша құралы екеніне сенімді. Алғашқы экономикалық білім алғаннан кейін Назгүл университетте жұмыс істеді, кейіннен диссертация қорғап, экономика және қаржы бойынша көптеген әдістемелік құралдардың авторы және тең авторы атанды. Алайда тағдыры басқаша шешілді, Назгүл мүлдем басқа сала –  мектепке дейінгі білім беру ұйымынан шақырту алды.

2012 жылдан бастап Назгүл Жәкенова ауылдық балабақшада педагог болып жұмыс істейді. Осы кезеңде ол логопед мамандығын меңгеріп, балалардың сөйлеу тілін дамыта бастады. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасында Назгүл Ақмола облысы бойынша жалғыз жеңімпаз атанды. Оның кандидатурасын 2019 жылы «Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығындағы» әріптестері ұсынған. Олар  Назгүлді мықты педагог, мейірімді және өте қарапайым адам деп бағалайды.  Ал шәкірттерінің ата-аналары оның «ақжүрек ана» екенін айтады.

Назгүл ата-аналарды балаларды бір сәтке де смартфонмен бақылаусыз қалдырмауға шақырады. Оның орнына отбасын ұйыстыратын қызықты әрі өнегелі  істер істеп, маңызды әңгімелер айтылуы тиіс деп санайды. Айта кетейік, Назгүл отбасы институтын сақтау және нығайту ісіне үлкен үлес қосуда. Оған көптеген адамдар балабақшадағы баланы анықтау, жетімдерге консультативтік көмек беру, балалар жәрдемақысын рәсімдеу үшін құжаттар жинау және тағы басқалар туралы кеңес алуға жүгінеді. –

–Заманауи технологиялардың артында мейірімсіз, өңсіз, елеңсіз, жанды диалогты қажет етпейтін құрылғылар тұр. Балаларға олармен «дауыспен» үн қатып сөйлесудің және жауап күтудің, айтудың, дауласудың, талқылаудың қажеті жоқ. Дәуір жаңа ұрпаққа ауызша сөйлеу және сауаттылық жағынан проблемалар әкелді. Қазір сөйлеу тілінде проблемалары бар балалар көп, мысалы, 30 жыл бұрынғыдан әлдеқайда көп. Мен мұны өз жұмысымнан анық көремін, жылдан-жылға бұл мәселе баяу болса  да ұлғайып келеді. Логопед-педагогтың жұмысын таңдағанда қиын болатынын түсіндім.  Өйткені жоғарыда айтылғандардан басқа, ата-аналардың өсіп келе жатқан «детоцентризмі», «ананың эгоизмі» салдарынан туындайтын ата-ана тәрбиесіндегі қателік,  педагогтар мен дәрігерлер беделінің түсуі, ата-аналардың әлеуметтік жауапкершілігінің төмендеуі және педагогикалық сауатсыздығы да бар, - деп мәселенің мәнін Назгүл Жәкенова ашып көрсетеді.

Назгүлдің айтуынша, сөйлеу проблемалары бар балалар санының өсуінің негізгі факторы мамандардың жетіспеушілігі, әсіресе ауылдық жерлерде. Жастар арасында логопед мамандығы аса сұраныс тудырмайды. Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығының құрамында Назгүл «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын әзірлеуге қатысты. Қазір ол өз білімін жетілдірумен белсенді айналысады: түрлі онлайн курстар мен семинарлардан өтеді.

Назгүл өзінің кәсіби қызметі туралы айтып, әрдайым трендте болу, жаңа әдістер мен технологияларды меңгеріп, оны тәжірибеде қолдана білу қажет екенін атап өтті. Мысал ретінде американдық философ, әлеуметтанушы Герберт Спенсердің мына дәйексөзін келтірді: «Өзін-өзін дамыту үдерісіндегі тәрбилеу ісіне кең орын берілуі керек. Адамзат барлық табысқа өзін-өзі дамыту арқылы жеткен».

Елбасы кітапханасының «Ұлы дала тарландары» ақпараттық жобасы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауының жеңімпаздары арқылы нақты адамдардың табыстылығын, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм және білімге бет бұру идеяларын жариялауды мақсат етіп отыр. Бұл жоба Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қолдау мақсатында жүзеге асырылуда, онда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қоғам назарын замандастарымыздың тарихына аударуды және әрбір адам онымен таныса алатын жаңа мультимедиялық алаң құруды ұсынды.