«Қазақстанның жүз жаңа есімі» жобасында бизнес саласының үздігі атанған Азат Сембинов жеңісті қанжағысына байлап қана қоймай, жетістікке өзгелердің де қол жеткізуіне жағдай жасауға тырысады. Осыдан жеті жыл бұрын жас кәсіпкер бизнес құрып, жүздеген отандастарымызды жұмыспен қамтамасыз еткен еді. Бүгінде Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және БАӘ нарығына кең жайылған компания – маманның күші мен еңбегінің жемісі. Азаттың пікірінше, бизнес кедергілерді қажетсінеді. Себебі кез келген сын – сапа мен жетістіктің кепілі.
Өскеменде дүниеге келген Азат Сембинов С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған. Қаражат табуды ерте ойлаған ол еңбек жолын 14 жасынан бастайды. Тәжірибесін сақшы, күзетші, аула тазалаушы міндетінен бастаған Азат бұл кезеңнің мінезін шымырлатып, болашақ мансабына жол салғанын айтады.
«Жұмыс істеуге қабілеті де, икемі де жоқ, түрлі себептерден зардап шегіп, өмірден орнын таба алмаған жандарды ылғи уайымдайтынмын. Мәселен, ұзақ уақыттай балалы бола алмай жүрген ерлі-зайыпты көршілеріміздің көз жасын көріп, жаным ашитын еді. Сонда ақша тауып, жағдайы ауыр адамдарға көмектескім келетін. Сын сәттер өмірдің кез келген саласында кездесетінін ескерсек, бизнес саласында қиындықтар әсіресе көп болады. Осы тұста мамандардың сынақтан жүрексінетінін белгілі. Алайда жеңіске қол жеткізу үшін сынды бағындырған аса маңызды», - дейді Азат.
Басынан өткерген Азаттың күрделі өмірі қиындықты кез келген жағдайда шыдамдылық пен жігердің арқасында бағындыруға болатынына көз жеткізді. Бизнесін бастапқыда дененің сұлулығы мен саулығына арналған өнімдердің интернет-дүкенін ашудан бастаған Азат командасымен бірге жаңа деңгейге көтерілді. 2019 жылы салынған медицина орталығы толықтай жабдықталып, медицина қызметін жүргізуге лицензия алды. Көпсалалы клиника емхана мен сұлулық салонының қызметін біріктірді.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жастардың жаңа буынын отбасы мен Отанының мүддесі үшін қызмет ететін бастамашыл жандар ретінде елестетеді. Сондықтан ол «Қазақстанның жүз жаңа есімі» жобасын бастап, түрлі өңірлерден келген, жынысы, жасы, ұлты әрқилы адамдардың жетістік бөліскенін қалады.
«Қазақстанның жүз жаңа есімі» жобасы – Қазақстан халқына маңызды, елге қажетті жоба. Азаматтарымыз жетістікке қол жеткізген жандармен танысып, кез келген жеңісті күш салып бағындыруға болатынын түсінуі шарт», - дейді Азат.
«Ұлы дала тарландары» – Елбасы кітапханасының Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қолдауға бағытталған арнайы ақпараттық жобасы. Бұл өзін-өзі дамытып, еңбек етіп, халыққа аянбай қызмет етуге ұмтылған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысушыларының жетістіктерінің тарихы. Жобаның басқа жеңімпаздары туралы материалдармен Елбасы кітапханасының ресми сайтының жаңалықтар бөлімінде танысуға болады.

