ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛЫҒЫ МЕН ДӘСТҮРЛЕРІ: ҰЛТТЫҚ ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН

20 қарашада Елбасы кітапханасының Әлеуметтік-гуманитарлық және білім беру жобалары қызметінің ғылыми қызметкерлері Мәскеудегі менеджмент және бизнес колледжінің студенттеріне «Ұлы дала даналығы мен дәстүрлері: ұлттық тарих және қазіргі заман» онлайн-дәрісін өткізді.

Дәріс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына негізделді.

- Қисынсыз болжамдар мен тұрақсыздық тұсында жедел өрбитін ақпарат санын салқынқандылықпен іріктеген маңызды. Экономикадағы дағдарыс қаупі ақпараттық дүрбелеңді ушықтыра түседі. Дағдарыс құбылыстарын еңсеру үшін этикалық байланыстармен нығайтылған азаматтық тұстастықты сақтау қажет, - дейді дәріскерлер. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы «Рухани жағыру» бағдарламасының тұжырымдамалық жалғасы бола отырып, Қазақстанның Үшінші жаңғыруымен еліміздің рухани құндылықтарын сақтауға бағытталған.

Көшпелі түркі өркениетінің өкілі ретінде бүгінде қазақ халқының рухани салт-дәстүрлеріне жоғары сұраныс бар. Ұлт бірлігі құрылымның негізі және күшті орталықтандырылған мемлекеттің кепілі ретінде ата-бабалардың рухани мұрасында қамтылған ұлттық код арқылы қалыптасады. Адамгершілік тұжырымдамалары бар дәстүрлердің қасиеттілігі ұлттық құндылықтар жүйесін жасайды. Оны ұстану, нұсқауларын орындау намыс, ар-ождан, абырой, халыққа және мемлекетке қызмет етудегі табиғи мотивтер мен ойларды құрайды. Ата-баба өсиеттері, бай батырлық тарихқа тиесілі екендігінен хабардар болу әр тарихшының дүниежүзілік тарихты жасаған көшпенділердің ұрпағы ретінде және тарихи оқиғалар тізбегінде болашақ маңызды тұлғалардың ізашары ретінде өмірі мен қызметіндегі мақтаныш сезімін тудырады.