ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ТАРИХЫНА ҚЫЗЫҚТЫ САЯХАТ

20 қыркүйек күні Елбасы кітапханасында Нұр-Сұлтан қаласының Политехникалық колледжді студенттері үшін «Теңге – ел тәуелсіздігінің нышаны» дәрісі өтті.

Кез келген елдің ұлттық валютасы - мемлекет нышандарының бірі, оның экономикалық тәуелсіздігінің басты негізі, азаматтар мақтанышының мән-мағынасы. Оның пайда болу тарихын, қызметінің ерекшеліктерін білу елдің экономикалық дамуының мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді.

Теңгенің шығу тарихына назар аудару орта ғасырлық қалалар - Отырар, Тараз, Суяб және басқаларында жүргізілген археологиялық қазбалар барысында табылған ежелгі тиын ақшалардан басталды.  Тыңдаушылар «теңге» сөзінің этимологиясы, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ұлттық валютаны жасау мен оны айналысқа енгізу тарихы туралы мәліметтер алды. Дәріс барысында студенттер халықаралық байқаулардың нәтижесі бойынша теңгенің әлемдегі ең әдемі валюта ретінде үш мәрте танылғанын біліп, Тұңғыш Президенттің Жеке архивіндегі бірегей құжаттарды көруге мүмкіндік алды.

  

Дәрістік сабаққа колледж ұстаздары мен студенттері жоғары баға берді.

Қоғамдық пәндер оқытушысы Галина Шаймерденова:

- Іс-шара студенттерге қолжетімді үлгіде аса танымды және тартымды өтті.

Дәріскерлердің сөздері жинақы әрі сауатты. Дәріскердің оқушыларға тақырыптың негізгі идеяларын жеткізуге деген ерекше құлшынысы байқалады.

Меніңше, дәріс мақсаты орындалды.

Елбасы кітапханасының басшылары мен ұйымдастырушыларға алғысымды білдіргім келеді. 

 

 

2-курс студенті Солдатбек Заңғар:

- Дәріс ұлттық валютаның жасау тарихымен танысуға мүмкіндік берді.

Біз үшін тың және іс жүзінде пайдасы мол ақпарат алдық.

Теңгенің дизайн ерекшеліктері мен қорғаныш белгілері туралы білу қызықты болды.

Дәріскер біздің сұрақтарымызға жан-жақты жауап берді.

 

 

2-курс студенті Сағыныш Узбекова:

Осы уақытқа дейін мұндай ақпаратпен таныспағандықтан бізге дәріс ерекше қызығушылық тудырды.

Маған Қазақстан теңге сарайының қызметі мен оның өнімдері туралы материалдар ұнады.

Дәрісте теңгеміздің бірнеше рет дизайны мен қорғалуы бойынша әлемдік валюталар арасында үздік деп танылғанын естіп, сүйсіндім.