ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІНЕ АРНАЛАДЫ

Бүгін, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының күні қарсаңында Қоғамдық тағам және қызмет колледжінің студенттері «Теңге – ел тәуелсіздігінің нышаны» дәрісіне қатысты.

Кез келген мемлекеттің ұлттық валютасы – экономика тәуелсіздігі мен халық егемендігінің кепілі. 1993 жылы айналысқа енген теңге нарықтық қарым-қатынас пен ұлттық банк жүйесінің іргетасын қалады. Бұл оқиғаның арқасында тәуелсіз қаражат саясатын қалыптастырған Қазақстанның экономикасы әлеммен біте қайнасты. 

Ұлттық валютаның тарихымен танысу арқылы еліміздің экономикалық үлгісімен танысуға болады. Мұны көздеген жастар танысуды «теңге» сөзінің шежіресі мен этимологиясын зерделеуден бастады. «Теңге» сөзі орта ғасырдағы түркілердің күміс тиыны «деңгеден» шыққан (орыс тіліне «деньги» сөзі де дәл осылай енген)..

Дәріс барысында жастар көңілін ұлттық валютаның нұсқалары дайындалып, алғашқы банкноттары басылған тарихи аса бөлді. Студенттер сирек кездесетін, Елбасының жеке архивінен алынған құжаттарды тамашалай алды. Бұл құжаттар ұлттық экономика қалыптасуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлін айқын бейнелейді.

Бүгінде еліміздің ақшасы ең әдемі банкноттардың қатарына жатады. Дизайн тұрғысынан теңгеміз (10 000, 5 000 и 1 000 теңгелік қағаз ақшалар) қатарынан үш жыл бойы (2011, 2012, 2013 жылдары) үздік деп мойындалды. 

Тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығына жоғары бағасын берген жастар келесідей ойларымен бөлісті:

– Біз мазмұнды дәріс тыңдадық. Бізді Дешті Қыпшақ кезенінен бүгінгі күнге дейінгі ұлттық валюта байқаулары қызықтырды. Тың ақпаратты үлкен ауқымда алдық. Күнделікті өмірімізде қолданыста бар үйреншікті ақшаның қалай әзірленетіні, қай жерде басып шығарылатыны, дизайнында қай ерекшеліктерге негізделетіні,  қоғамға, түрлі салаларға қалай ықпал ететіні сұрақ туғыза қоймайды. Шындығына келгенде, бұл деректерді білген маңызды, - деді Қоғамдық тағам және қызмет колледжінің студенті Гүлбаршын Әбуева.

 

Архивтен алынған суреттер мен бейнежазбалар қатты ұнады. Дәл осы құжаттардың арқасында біз тәуелсіздік жылдарының қиындыққа толы болғанын өз көзімізбен көрдік. Қазақстан ақша сарайының тарихы мен өнімімен танысқан қызық болды. Мұндай дәрістер дәл музейде өткізілуі тиіс деп ойлаймын. Себебі, оның тыңдаушылары тақырыпқа қатысты жәдігерлерді дәріс аясында тамашалап, тарихи кезеңге саяхат жасау мүмкіндігіне ие болады. Осы тұста дәріскерлердің кәсіби біліктілігін атап өтсем деп едім. Жастармен терең сұхбат пен қызу талқы құрып, орынды сұрақтарға қонымды жауап берген Елбасы кітапханасының мамандарына ризашылығымыз мол, - деді Қоғамдық тағам және қызмет колледжінің студенті Фирдаус Айтқұлов.