«ҮЛКЕН РЕГАТА» ЖАРЫСЫ БАСТАЛДЫ

2020 жылдың 30 қазанында Елбасы кітапханасында онлайн режимінде жыл сайынғы «Үлкен регата» жобасының ашылуы өтті.

– Жыл сайын бұл жобаның қатысушылардың шынайы қызығушылығын оятатыны көңілді сүйсіндіреді. «Экипаж» ойының арқасында елордалық білім беру мекемелері регата бағдарламасына енгізілген қалалық музейлерге барудың бірегей мүмкіндігіне ие болып, туған жер, оның ішінде қазақстандық қоғамның даму тарихына елеулі үлес қосқан танымал тұлғалардың өмірі мен қызметі туралы мол ақпарат алады, - деп атап өтті іс-шараны ашқан Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова. Ол сондай-ақ жоба серіктестеріне алғысын білдіріп, қатысушыларға жаңа әсерлер, пайдалы білім және шығармашылық табыстар тіледі. 

2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Үлкен регата» музейаралық мектеп жобасы – бас қаланың Білім басқармасы мен музейлерінің қолдауымен елорда мектептерінің оқушылары үшін Елбасы кітапханасы ұйымдастырған ұзақ мерзімді серіктестік жоба.

Ойынға қатысу музей жинақтары, архив құжаттары арқылы оқушылардың тарихи тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыруға, жергілікті жерлерде музей жұмысын «жандандыруға», оқушылардың шығармашылық бастауларын дамытуға, бос уақыт мәдениетін дағдыландыруға ықпал етеді. Сондай-ақ, жоба мектеп музейлеріне оқушыларды өз Отанының тарихи-мәдени мұрасына құрметпен қарауға тәрбиелеу және музей құндылықтарына қызығушылықты қалыптастыру ісінде әдістемелік-консультациялық көмек көрсетуге бағытталған.

«Регатаға» 7-8 сынып оқушылары 7 адамнан тұратын топ болып қатысады. «Теңіз саяхаты» барысында экипаж командалары «Ерекше қойма», «Мәдениеттердің калейдоскопы», «Естелік, даңқ, ерлік» тақырыптық бағыттары бойынша қаланың музей мекемелеріне барады.  Сондай-ақ вахталық журналдарды толтырып,  қызықты саяхат туралы бейнепрезентация дайындайды. Есеп беру құжаттарын Елбасы кітапханасына – «Архипелагқа» тапсырғаннан кейін бірінші кезеңнің жеңімпаздары анықталады. Олар «Архипелагқа» шақырылып, оның сақтаушылары дайындаған нысандарды зерттеу арқылы сөзжұмбақтарды шешіп, логикалық тапсырмалар мен интеллектуалдық викториналардың сауалдарына жауап беру сынды қызықты тапсырмаларды орындайды.

 Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарды салтанатты марапаттау  рәсімі 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасының музейінде өтеді.

2020 жылғы «Регатаға» №55, №36 орта мектептердің, №№ 83, 67, 65, 69, 77, 47 мектеп-гимназиялардың,  №№ 38, 8, 71 мектеп-лицейлері және Astana Garden school мектептерінің командалары қатысады.