«Уақытқа тосқауыл бола алмассың...»

2014 жылдың 5 мамыр күні Тұңғыш Президент Музейінде  түрікмен әдебиетінің ұлы классигі, философ, ғалым Мақтымқұлы Пырағының 290 жылдығына арналған  «Уақытқа тосқауыл бола алмассың...» атты әдеби кеш өтті. Іс-шара Музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында Қазақстан Республикасындағы Түрікменстан Елшілігімен бірлесе ұйымдастырылды.

        Мақтымқұлы Пырағы – XVIII ғ. түрікменнің көрнекті ақыны және ойшылы. Жыл сайын  18 мамырда Түрікменстанда «Мақтымқұлы Пырағы поэзиясы, бірлік және жаңғыру күні» мемлекеттік мерекесі кеңінен аталып өтеді. Мақтымқұлы шығармалары халықтың сүйіспеншілігіне ие, жаңа поэтикалық тілінің арқасында жыраулар мен жыршылар оның өлеңдерін сақтап ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді. Оның өлеңдері халық тіліне жақын, араб-парсы метрикасына емес, халықтық силлабикалық жүйеде құрастырылған. Сондықтан да Мақтымқұлы шығармалары халыққа жатық, ал оның өлең жолдары нақыл сөздерге айналған.
        Әдеби кеште классик-ақынның түрікмен, қазақ және орыс тілдеріндегі өлеңдері оқылды. Кеш қонақтары Мақтымқұлы Пырағы шығармаларының Дүйсенбек Қанатбаевтың қазақ тіліне аударған жинағымен танысты.