ТЖК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» АТТЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ СЕМИНАР-ТРЕНИНГІНЕ ҚАТЫСТЫ

26 қарашада, Тұңғыш Президент күніне  орай ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде Елбасы кітапханасының Әлеуметтік-қоғамдық және білім беру жобалары қызметінің өкілдері «Рухани жаңғыру: Болашаққа бастар жол» семинар-тренингі өткізді.

  

Іс-шара барысында тарих ғылымдарының кандидаты Сағынтай Бердагулова «Тәуелсіздік дәуірі», «Төртінші өнеркәсіптік революция», «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» дәрістерін оқиды. Практикалық бөлімде аға сарапшы Күнзия Үмбетова тыңдаушыларға тренинг жүргізіп, ой ұшқырлығы мен жасампаздық қабілетті дамытуға, мақсат-міндеттерді іске асыруға бағытталған әдістерді үйретті. ТЖК қызметкерлері әзірлеген әлеуметтік жобаларын қатысушылардың назарына ұсынды.
Семинар-тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар таратылды.