2017 жылдың 3 наурызында Елбасы кітапханасы музейі ғимаратында «Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Н.Ә. Назарбаевтың саяси бастамалары» жобасы аясында елордалық тарих пәні мұғалімдерінің аттестациялық сабақтарды қорғауы өткізілді.

Ұстаздар қауымы тәжірибелік алаңның негізінде кәсіби шеберліктерін паш етті. Жобаның басты мақсаты интерактивті құралдар арқылы егеменді Қазақстанның жетістіктерін және Елбасының тарихи рөлін зерттеу және насихаттау, озат педагогикалық тәжірибені тарату, шығармашыл бастаманы дамыту.
Музей педагогтарымен бірлесе отырып, музейлік сабақтар өткізілді:
– «Ғасырлар куәсі – Экспо көрмесі» – Н.К. Құлбекова, Сарқұлова Ж.Ж. № 82 мектеп-лицейінің мұғалімдері;
– «Елбасының «Ой бөлістім халқыммен» атты шығармасының ізімен» – Е.Б. Байкенжеев, № 76 мектеп-лицейінің мұғалімі;
– «ЭКСПО-2017: «Мәңгілік Ел құндылықтары» – Д.О. Бекназарова, № 64 мектеп-лицейінің мұғалімі.

Өткізілген сабақтарға аттестациялық комиссия мүшелері жоғары баға берді. Әріптестер талқылау кезінде оқушылардың терең білімділігін, аттестатцияланған мұғалімдердің пәнаралық байланыстарды орнату, озық тапсырмаларды үйлестіруді саралау, жаңашылдық, сабақты жүргізу барысында әдістердің алуан түрін қолдану, көрнекіліктерді тиімді қолдана білу сияқты педагогикалық шеберліктерін атап өтті.
Елбасының кітапханасының қызметкерлерінің байламынша, сабақтар педагог мамандардың кәсіби тұрғыда өсуіне, олардың шығармашылық бастамаларының дамуына, тарихты оқыту әдістемесіндегі инновациялық бағыттағы ынтымақтастықтың дамуына және нығаюына, тәуелсіз Қазақстанның табыстарын және Тұңғыш Президентінің тарихи рөлін насихаттауда ғылыми-негіздеу жұмыстарын кеңейтуге септігін тигізеді.
