Тың идеялар алаңы: инновациялық «Кемеңгер» клубының алғашқы отырысы өтті

Бастамашыл жастардың бірі – Наурызбай Мусин. Ол Назарбаев университетінде «Электроэнергетика» мамандығының қыр-сырын меңгеруде. 3 курс студентінің ұсынған жобасы жанына жақын кәсіппен ұштасады. Оның аясында өнертапқыш қазақстандықтар нысанаға алынбақ. Электроникаға үңілген студенттер мен магистранттардың идеялары сын тезінен өткізіледі.

0U3A3310

– 3D принтер іспетті соны бастамалар қажет. Үміткерлер өздерінің идеяларын зертханада жүзеге асырады. Нәтижесінде олардың арасынан нәтижесінде 10 жоба іріктеледі. Үздік танылған жұмыстарды стартапқа дейін дамытып, инвесторларды табу мүмкіндігі қарастырылады. Ал ондыққа өтпеген жобалардың авторлары үшін жәрмеңке ұйымдастырылады. Олар өздерінің тәжірибелерімен интерактивті түрде жастармен бөліседі. Осылайша жастардың электроника құрылғылар құрастыруға, зертханалық жұмыстарға қызығушылығын оятуды көздеп отырмыз. Жаңа өнертабыстар елімізді алға жетелейді, - деп өзінің «Жаңа» жобасымен жалынды жас таныстырды.

Наурызбай - «Кемел Ел» мәдени білім беру жұмысы және жастарды тәрбиелеу орталығы жанынан құрылған «Кемел Ел» сарапшылық клубының белсендісі. Креативті идеялардың алаңы 2 бағытты қамтиды: инновациялық және отансүйгіштік. Клубтың жұмысы арқылы әлеуметтік маңызды бастамалар өмірге жолдама алып, азаматтық белсенділігі жоғары жастардың қатары артпақ. Инновациялық «Кемеңгер» клубы арқылы 7 жобаға жан бітпек.  Оның нақты қадамдары жаңашыл жастардың алғашқы кездесуінде қаузалды. Межеленген әрбір жобаның бастамашылары 1 айға арналған жұмыс жоспарын түзді.

0U3A3321

– Әр клубтың мүшелері айына бір мәрте жүздеседі. Әрбір топ жоба бойынша тындырылған жұмыстарға есеп береді. Жетістіктер мен олқы тұстар анықталады. Бірінің білмегенін екіншісі толықтырады. Клуб инновациялық бастамалардың өзегіне айналады. Жастарға білікті сарапшылардың кеңесі немесе ақпараттық сүйемелдеу қажет болса, біз оларға қол ұшын созамыз. Сапалы нәтижеге қол жеткізу үшін әрбір қадамымызды екшелеу қажет, - деп алдағы мақсат-міндеттерге «Зерайна» қоғамдық қорының директоры Людмила Бурлаченко.

Биік мақсатты ұстанған белсенділер зиянды әдеттермен күресуге, болашақ жайлы фильм түсіруге, дарынды жастарға қолдау көрсетуге мықтап кіріспек. Олар қолға алған бастамалармен тоқтап қалмақ емес.

0U3A3332