"Тұңғыштың" қатары екі есе көбейді

Елбасы кітапханасында «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалының «Тұңғыш» бастауыш партия ұйымының биылғы алғашқы жиналысы өтті. Жаңа жылдағы отырыста Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының және Қорының бірыңғай партиялық бюросын құру мәселесі пысықталды. Себебі Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 қарашадағы №369 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі оған «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы» мемлекеттік мекемесін қосу арқылы қайта құрылды.
0U3A5786
– Сондықтан «Нұр Отан» партиясы Сарыарқа аудандық филиалы Саяси кеңесі бюросы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы» БПҰ қызметін тоқтатуды және партияның 49 мүшесін «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» астаналық филиалыі «Тұңғыш» бастауыш партия ұйымының орналасқан жері бойынша тіркеуді қаулы етті, – деп атап өтті бастауыш партия ұйымының төрағасы, Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Жапсарбай Қуанышев.
0U3A5724
Жиналыста «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы» мемлекеттік мекемесінен Кітапханаға ауысқан БПҰ өкілдерін «Тұңғыш» БПҰ қатарына қабылдау бірауыздан мақұлданды.
0U3A5722
Енді биылғы ақпан айынан бері «Тұңғыш» БПҰ құрамындағы партия мүшелерінің қатары 99-ға жетті. Енді бастап партия ұйымының өкілдері жұмыс жоспарларын біріктіруді және пысықтауды жоспарлап отыр. Олардың пайымынша, қолға алынатын бастамалар мен шаралардың маңыздылығы және ауқымы арта түспек.
Бүгінде «Тұңғыш» бастауыш партия ұйымының қатарына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қызметкерлерінің кіруі мәселесі қарастырылуда.