ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТТІҢ КІТАПХАНАСЫ – ШЕТЕЛДІК «ОЙ ФАБРИКАЛАРЫНЫҢ» ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ АНАЛОГЫ

www.ortcom.kz

Осындай мәлімдемені ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы» ММ директорының орынбасары Тимур Шәймергенов жасады.

«Кітапхана жұмысының ауқымды бағыты халықаралық ынтымақтастық болып табылады. Біз өзімізді шетелдің жетекші «ой фабрикаларына» ұқсас қазіргі заманғы «ақыл-ой орталығы» ретінде позициялауға үлкен мән береміз», - деп атап өтті спикер.

Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру үшін Кітапхана сарапшылары шетелдің орталықтарымен кездесулер өткізіп, ең үздік әдіснамаларын және жұмыс амалдарын үйренеді.

«Өткен жылы біз Тәжікстанға барып, ШЫҰ Саммитіне қатыстық, онда жергілікті сарапшылармен кездестік. Сонымен қатар АҚШ-қа, Қытай мен Жапонияға үлкен турнелерді ұйымдастырдық, Бельгияға, Үндістанға, Германияға барып қайттық, олардың аясында Кітапхананың тұсаукесерін өткізіп, сол елдердің жетекші «ой фабрикаларымен» пікірталас өткіздік. Жақында Кітапхана «Қытай-Орталық Азия» ынтымақтастықтың 3-ші форумында Қазақстан сарапшылық қоғамдастығын ұсынған болатын», - деп хабарлады Тимур Шәймергенов.

Осылайша, бір жарым жылдың ішінде 37 астам талдамалы орталықтар мен институттармен кездесулер өткізілді. Олардың көбісімен жемісті ынтымақтастық дамып келеді.