ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КІТАПХАНАСЫНДА «ТАБЫСТЫ ЖАСТАР – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында «Жаңа Қазақстан: жасампаз ұлтқа» семинар-тренингі аясында «Табысты жастар – Тәуелсіз Қазақстанның болашағы» атты іс-шара өтті.

Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасының үйлестірушісі, журналист Бибігүл Құламанмен кездесуге қатысты. Ол сондай-ақ ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз хатшысы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз хатшысы, «Бас редакторлар клубының» жауапты хатшысы, журналистика саласындағы «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарын ұйымдастыру комитетінің мүшесі болып табылады.

Спикер семинар-тренингке қатысушыларға «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарының тарихын айтып берді. Ол олардың әрқайсысы – selfmade, өз ісінің шебері, қазақстандық қоғамның дамуына үлкен үлес қосатын және Қазақстанның бүкіл әлемге танылуына ықпал ететін патриот екенін атап өтті. Б. Құламан жастарды отандық жастардың үздік өкілдерінен үлгі алуға, бірақ даралықты жоғалтпауға, бірегей болуға және мүмкіндіктерді көруді үйренуге шақырды.

Кездесу соңында студенттерге сертификаттар табысталды.

«Тұңғыш Президент кітапханасындағы екі күндік семинар-тренинг өте қызықты болды. Берері мол, әсерлі дәріс болды. Ал тренингтер командада жұмыс істеуді үйренуге және жобаларды құру дағдыларын дамытуға көмектесті. Елорданың музейлеріне экскурсиялар біздің еліміз, оның тарихы туралы көптеген жаңа мәліметтерді білуге мүмкіндік берді. Қызықты екі күннің тамаша қорытындысы мотивациялық кездесу болды. Рақмет!»,- деп өз әсерімен бөлісті 3 курс студенті Асқар Диас.