Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының әскери қызметкерлеріне, Республикалық медициналық академиясы мен Басқару колледжі студенттеріне «Н. Ә. Назарбаев өмір жолы мен қызметі тарихи дереккөзі ретінде» тақырыбында Елбасы кітапханасының онлайн-дәрістері өткізілді. Іс-шара барысында «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының фильмдері ұсынылды. Таспада Қазақстан тарихының кезеңдері, Республиканың Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолы мен қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі бейнеленген.
«Көшбасшы жолы» киноэпопеясының фильмдеріндегі сюжеттік қойылымдарда көрініс тапқан сол жылдардағы жағдай, мәдени, рухани құндылықтар, сондай-ақ тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Елбасының басшылығымен халық еңсерген қиындықтар мен проблемалар көрсетіледі.
Іс-шара барысында жастар өздерінің көшбасшылық қасиеттерінің қалыптасуы мен дамуы, ел тарихындағы оқиғалар мен Елбасы тұлғасының әсері туралы пікірлерін білдірді.
2020 жылдың 25 қарашасында №6636 әскери бөлімінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған сабақ өтті. Әскери сарапшылар кітапхананың жетекші ғылыми қызметкері Аслан Әзірбаевтың сабақ мазмұнын жоғары бағалады. Сабақтан кейін дәріскерге әскери бөлім басшылығынан алғыс хат берілді.