ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАСЫНЫҢ МҰРАЖАЙЫ ОРЫС ПРАВОСЛАВ ШІРКЕУІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасының музейіне Сыртқы шіркеулік байланыстар департаментінің төрағасы, Волоколамск митрополиті Антоний бастаған Орыс православ шіркеуінің делегациясы келді.

Қонақтарға тәуелсіз Қазақстанның құрылуынан сыр шертетін экспозициялар ұсынылды.

Өз кезегінде Волоколамск митрополиті Антоний кітапхана мұражайының техникалық жарақтандырылуының жоғары деңгейін және тәуелсіз елдің болашақ ұрпақтары үшін құнды жәдігерлердің бірегейлігін атап өтті.

Кездесу соңында қонақтарға естелік сыйлықтар табыс етілді.