ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАСЫНА РИМ-КАТОЛИК ШІРКЕУІНІҢ КЕЛУШІЛЕРІ САЯХАТ ЖАСАДЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің кітапханасында елордада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндердің VII съезі аясында Рим Папасы Францисктің қатысуымен қасиетті мессаға келген Рим-Католик шіркеуінің келушілері саяхат жасады. Қонақтар Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен нығаюының негізгі кезеңдерін бейнелейтін Кітапхана музейінің экспозицияларымен танысты.

Сондай – ақ, қонақтар назарына «Діндер диалогынан – өркениеттер тоғысуы» атты көрменің экспозициясы ұсынылды. Экскурсияға келген қонақтар музей мен оның техникалық жабдықталуы туралы өз әсерлерімен бөлісіп, экскурсияға алғыстарын білдірді.