«Тұңғыш» БПҰ: атқарылған және межеленген жұмыстар

17 қазан күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасындағы «Тұңғыш» бастауыш партия ұйымының 2015-2016 жылдардағы жұмысы бойынша есеп беру жиналысы өтті. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Оның алғашқысы атқарылған жұмыстардың нәтижесін саралауға арналды. «Тұңғыштың» іргетасы 2015 жылдың сәуірінде қаланғанымен, санаулы уақыт ішінде қолға алынған шаруалар бір төбе. Мәдени, танымдық, қайырымдылық, спорттық шаралар бүгінде игі дәстүрге айналды. Бастауыш партия ұйымының белсенділері мұқтаж жандарға қолғабыс етіп, аға ұрпаққа, жас буынға қамқорлық көрсетеді. «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты балалық шақ», «Донор күні»  - солардың бір парасы.

0U3A2941

– «Тұңғыш» БПҰ 2016 жылға арналған жұмыс жоспарында 30-ға жуық шара белгіленген. Олардың 25 ұйымдастырылса, 4-уі төртінші тоқсанның еншісінде. Идеологияға негізделген жұмысымызда басымдық жастарға берілген. Оларға өнегелі тәрбие беріп, құндылықтарды бойға сіңіру қажет. Бұл бағытта «Қазақстандық біртектілік және жалпыұлттық бірлік тағылымы», «Әлемді өзгертетін идеялар» семинары тұрақты түрде ұйымдастырылады. Еліміздің танымал қоғамдық және саяси қайраткерлерімен 20 кездесу өткізілді. Жастар Қуаныш Сұлтановпен, Өмірбек Бәйгелдімен, Айдын Айымбетовпен, Мұрат Әбеновпен, Юрий Пямен, Дәрмен Сәдуақасовпен, Қойшығара Салғарұлымен жүздесіп, өздерінің сауалдарын жолдады. Жастар өнегелі тұлғаларға бой түзеп, олардан үлгі алады. Бұл – біздің басты мақсатымыз, - деп атқарылған жұмыстарды «Тұңғыш» БПҰ төрағасы Жапсарбай Қуанышев баяндады.

«Тұңғыштың» қатарындағы 50 қызметкер еліміздің қоғамдық ұйымдарымен де байланыс көпірін орнатқан. Биыл Елбасы кітапханасының әріптестерімен бірлесе 18 шара өткізілді. Партия мүшелері қоғамдық жұмыстарға атсалысып, спорттық қарым-қабілетті сынға салатын жарыстардан қалыс қалмайды. «Тұңғыш» бастауыш партия ұйымының 1,5 жылда атқарған жұмысы жоғары бағаланды.

0U3A2947

–Есеп барысында жұмыстың жан-жақтылығы көрсетілді. Қысқа уақыт ішінде ауқымды шаруалар атқарылған. Бірегей Кітапханада ұлтжанды, еңбекқор және өте жауапты жандар тер төгеді. Артылған жүк жеңіл  емес. Бірақ жұдырықтай жұмылудың арқасында корпоративтік рух орнағаны тәнті етеді. Жақында Білім және ғылым министрі тарих және география пәндері бойынша еліміздің рухани ордаларында қосымша сабақ өткізу қажеттігін ұсынды. Оны  Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе пысықтауға кірістік, - деп атап өтті «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМКК директоры Раиса Шер.

0U3A2990

– Бастауыш партия ұйымының белсенділігі тамсандырады. Мазмұнды әрі мәнді шараларға бастамашы болып отырсыздар. «Тұңғыш»  - қалалық деңгейде үздіктердің бірі. Енді республикалық БПҰ арасындағы байқауда топ жаратынына үміттенемін. Себебі бізге артылатын жауапкершілік үлкен. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалында тіркелген. Негізгі жұмысымыздан бөлек қоғамдық шараларға атсалысу қажет, - деп түйіндеді «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлия Кайшарова.

Бастауыш партия ұйымы мүшелерінің саны 50-ге жетсе, Бюроны тағайындауға рұқсат етіледі. Жиналыс барысында оның қатарына ұсынылған 7 үміткердің тізімі құпталды. Оның төрағасы ретінде Жапсарбай Қуанышев сайланды.

0U3A3008