7 желтоқсан күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасы музейінің жаңа ғимаратында (Бөкейхан көшесі, 1а) «Туған жерім» XV халықаралық бейнелеу өнері байқауының нәтижелері бойынша балалар шығармашылығы туындыларының көрмесі ашылады.
Аталмыш байқауды Елбасы кітапханасы, «Байта» қоры, «Құланшы» орталығы, Нұр–Сұлтан қаласының Балалар көркемсурет мектебі ЮНЕСКО –клубы ұйымдастырған болатын.
«Туған жерім» байқауының өзектілігінің артуы және оның шекарасының үнемі кеңеюуі байқауды ұйымдастырушылар жас суретшілердің жеке және шығармашылық әлеуетін ашуға, балалар шығармашылығын насихаттауға бағытталған алаң құруымен байланысты. Жоба жұмыс істеп келе жатқан 15 жылдан астам уақыт ішінде әртүрлі жұмыстар қарастырылды (дәстүрлі кескіндеме, графика, мүсіннен бастап сәндік-қолданбалы өнердің әртүрлі салаларына дейін). Жас таланттарға олардың Отан туралы түсініктерін, дәстүрлердің сабақтастығын, өз халқының мәдени ерекшелігін көрсететін тақырыптар ұсынылады. Бұл тақырыптар әр түрлі елдердің ұлттарына қарамастан балаларды біріктіреді, бұл қатысушылардың географиясын көрсетеді.
2020 жылы байқауға Қазақстанның ең шалғай жерлерінен ғана емес, Әзірбайжан, Беларусь, Башқұртстан, Молдова, Татарстан, Өзбекстан, Украина, Санкт-Петербург, Мәскеу қалаларынан да жұмыстар жіберілді. Байқаудың қазылар алқасы әр түрлі көркем техникада орындалған 10-нан 18 жасқа дейінгі балалардың 400-ден астам жұмысын қарады. Нәтижесінде жеңімпаздардың 30 жұмысы іріктелді.
«Туған жерім» байқауы лауреаттарының жұмыстары қалың көрерменге желтоқсан айында ұсынылады. Көрмеге келушілер түрлі елдердің жас суретшілерінің өнер туындыларын лайықты бағалай алады.
Көрме 2021 жылдың 25 қаңтарына дейін жалғасады. Оның материалдарымен https://presidentlibrary.kz сайтындағы «Көрмелер» («Жобалар») бөлімінде танысуға болады.