«ТУҒАН ЖЕР – ТҰҒЫРЫМ, ТУҒАН ЖЕР – ОТАНЫМ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Туған жер – тұғырым, туған жер – отаным» атты командалық жобалардың ашық шығармашылық конкурсының қорытындысы шығарылды.

Байқаудың мақсаты: оқушыларды өзінің кіші отанының мен өлкенің тарихи тұлғаларының ғұмырнамасын зерттеу арқылы халқымыздың мәдени-тарихи мұрасын сақтау және танымалдандыру үшін ғылыми зерттеулер жүргізуге ынталандыру болып табылады.

Шығармашылық байқауға Қазақстанның барлық облыстарынан 12-17 жас аралығындағы 400-ден астам оқушы қатысып, 142 жоба ұсынды. Қатысушылар өздерінің таспаға түсірілген жұмыстарында өз қаласы мен ауылдарының тарихи көрікті жерлері туралы материалдармен бөлісті, жергілікті табиғи ландшафттардың сұлулығын көрсетті, өз отбасылары мен ата-бабаларының тарихы туралы әңгімелер, туған елді мекендерінің атақты тумаларымен таныстырды.

Елбасы Кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімін ашу сәтінде:

– Біздің байқау туған өлкенің тарихына қызығушылық танытатын және жерлестерін мақтан тұтатын белсенді, талантты, шығармашыл жастарды тартқаны қуантады. Байқауға қатысу оқушылардың тарихи, географиялық және этнографиялық білімдерін тереңдетуге ғана емес, сондай-ақ әрбір қатысушының тұлғалық эстетикалық дамуына, ұжымдық іс-әрекет қабілетіне, шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға, белсенді және жауапкершілікті ту ететін өмірлік ұстанымды тәрбиелеуге,  сондай-ақ, әрине, патриоттық рухты көтеруге ықпал етті деп ойлаймын, – деп атап көрсетті.

Іс-шараға Astana IT University профессоры, тарих ғылымдарының докторы Нұрбек Шаяхметов және жазушы, сценарист, режиссер, Нью-Йорк кино өнері академиясының түлегі, ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты Айдие Айдарбеков қатысты.

Қатысушылар Қазақстанның барлық өңірлерін қамтыды, конкурсқа ірі қалалардың да, шағын ауылдардың оқушылары да өз жұмыстарын жіберді. Марапаттау рәсімі онлайн және офлайн форматта өтті.

12-14 аралығындағы жас ерекшелік санатындағы орындар келесідей бөлінді:

«Туған өлке» номинациясы:

1-інші орын – Абилов Димаш, Жамишев Мадияр, Жұманова Ділназ, Серікбаева Шаттық, Ұласканова Аиша (Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, №272 ЖОББМ);

2-інші орын – Каминский Кирилл, Оразбаева Әнел, Балғазин Әмір (Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша №1 ОМ);

3-інші орын – Бақытжан Акқсері, Әділбекова Әселия, Амангелді Айнұр (Түркістан облысы, Сайрам ауданы, "Достық"ЖОББМ).

 

«Менің кіші отанымның тарихи тұлғалары» номинациясы:

1-інші орынЖаңабек Аяулым, Қалдыбай Нұрислам, Манатбекова Майра, Кемеңгер Рамазан (Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Ынталы ауылы, Қ. Бектаев атындағы ЖОББМ);

3-інші орын Мөлиханова Іңкәржан, Мөлиханова Еркежан, Ертарғын Әлия (ШҚО, Абай ауданы, Қарауыл ауылы ОМ);

«Менің шежірем» номинациясы:

1-інші орынМәдина Амангелдина (ШҚО, Абай ауданы, Қарауыл ауылы ОМ);

2-інші орынСағыныш Оразбай (Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, №129 мл);

3-інші орынІңкәр Ерғазықызы (ШҚО, Семей қ., №3 ЖОББМ).

15-17 аралығындағы жас ерекшелік санатында:

«Туған өлке» номинациясы:

1-інші орынДәулетова Ақерке, Дүйсебайқызы Айтолқын, Ахметжан Нұрсұлтан, Елеубай Асхат (Жамбыл облысы, Тараз қаласы, № 3 мл)

2-інші орынСаятов Сардар, Маркенов Әділ, Маркенов Аким (Алматы облысы, «Арыстан» мамандандырылған лицейі);

3-інші орынАмангелді Аружан, Аманғазықызы Камал, Ермұрат Әлия (ШҚО, Абай ауданы, М. Әуезов атындағы ЖОББМ); Алтай Айзере, Байбакирова Адель, Амангелді Мейрам, Голобурда Лия (Нұр-сұлтан қ., Экономикалық лицей);

«Менің кіші отанымның тарихи тұлғалары» номинациясы:

1-інші орынМажит Олжас, Сайдалиджан Маруа, Жұмахан Рамазан, Гайратдинова Малика (Алматы облысы, Қаскелең қаласы, С. Керімбеков атындағы ЖОББМ);

2-інші орынЖұмаш Балнұр, Әділ Ахмади, Қабылбеков Бекасыл (Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Б. Онтаев атындағы ЖОББМ), Мұғыт Нұрман, Айтмұқан Мейір, Нұрбек Жұлдыз, Қанат Саят, Берікова Ажар, Ибрагим Алтынай (Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши ауылы, Бөлек батыр атындағы ЖОББМ);

3-інші орынСүгірбек Бағжан, Жақып Аружан, Манап Венера, Баймұқан Азамат (Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши ауылы, Бөлек батыр атындағы ЖОББМ, Ақтоған ОМ);

«Менің шежірем» номинациясы:

1-інші орын Жантілеуов Әліби, Ержанова Ақбота (БҚО, Сарыкөл ауылы, Абай атындағы ЖОББМ);

2-інші орын Мырзағали Симбаев, Дәулеткерей Сүлеймен, Мерей Қыдырман (Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Дәулет ауылы, №4 ОМ).

Сонымен қатар, «Жүзден жүйрік» және «Ауылым – алтын бесігім» арнайы номинацияларымен марапатталғандар қатарында: Акижанова Аида, Дуленцов Александр (Қарағанды облысы, Осакаровка кенті, №9 гимназия), сондай-ақ Маржан Асылбекқызы, Амандық Нұрланқызы, Гаусар Нұрланқызы (Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қосаман ауылы, №68 ОМ).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.