Тәуелсіздіктің 25 негізі: мемлекеттік рәміздер

Еліміздің мерейлі белесіне арналған мерекелік шаралар легі жалғасын табуда. Бүгін Елбасы кітапханасында Мемлекеттік рәміздер ұлықталды.  Бір күн бойы рухани орданың қызметкерлері мен меймандарына еліміздің туы, елтаңбасы және әнұраны тарихы паш етілді.

0U3A9934

– Мемлекеттік рәміздер – егеменді мемлекеттің басты негіздерінің бірі. Олардың маңыздылығын, авторларын әрбір мектеп оқушысы және әрбір азамат жете білуі тиіс. Аспандай көк түсті тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Бұл еліміздің еркіндігін, тәуелсіздігін білдіреді. Оның авторы  Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері – Шәкен Ниязбеков, - деп түсіндірді Елбасы кітапханасы Мәдени-ағартушылық жұмыс қызметінің басшысы Ерден Ордабек.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Сол кезден бері жылда еліміздің басты нышандары әспеттеледі. Олардың құндылығын әлеуметтік желіде белсенді түрде дәріптеу қажет. Алматылық студент Нұрлан Кеңесбаевтің пікірі осыған саяды. Белсенді жас ұлттық мәдениет пен дәстүрлер, мемлекеттік нышандар және олардың авторлары туралы зияткерлік викториналарды әзірлеу қажеттігіне сенімді.

0U3A9964

– Туған жердің әнұраны шырқалған кезде бойды толқыныс сезімі тербейді.  Мемлекеттік туымыз Олимпиада ойындарында, әлемдік спорт жарыстарында желбіресе, төбеміз көкке жетеді. Мен үшін білім әлемі мемлекеттік рәміздерден бастау алады. Туған жерімнің патриотымын. Қазақстандықтардың әрбір буыны тарихымызды бағалап, оны дәріптегені абзал, - дейді Экономика және статистика академиясының 4-ші курс студенті Нұрлан.

Атыраулық студент Айжан Өтегенова мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы балабақшадан бастап түсіндірілуі тиіс.

0U3A9966

– Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Елбасымыз және Жұмекен Нәжімеденов әнұранымыздың мәтінін жазды. Олардың есімдері еліміздің тарихына алтын әріптермен жазылған, - дейді Атырау инженерлік-гуманитарлық институттың студенті.

Елбасы кітапханасында Мемлекеттік рәміздер күніне орай бірегей мұрағат құжаттары мен бейнематериалдар паш етіледі.  

0U3A9943