Тәуелсіздіктің 25 негізі: Қазақстан Республикасының Президенті институты

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу Жоспарына және Тұжырымдамасына және «Ұлы Дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күндер аясында Елбасы кітапханасында «Ашық есік күндері» өткізіледі.

1 желтоқсан – еліміздің шежіресіндегі елеулі күн. 25 жыл бұрын дәл осы күні Тұңғыш Президентіміз сайланып, мемлекеттілікті нығайтқан президенттік институт қалыптасты. Қазақстандықтар бірауыздан таңдау жасап, дауыс берушілердің 98,7% Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім артқан.

1

Присяга Президента РК Н.А.Назарбаева. 10.12.1991 г.

Тағдырлы және тарихи шешім елімізді дамудың даңғыл жолына жетеледі. Мықты және беделді саясаткер, еңбекпен шыңдалған Нұрсұлтан Әбішұлы күрделі кезеңде көп ұлтты халықты ортақ мақсат пен мүдде жолында біріктіре алды. 1990 жылдардағы құлдырауды еңсерген Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік әлеуеті нығайды. Елбасы елімізді бейбітшіліктің бесігіне айналдырып, бірлік пен келісімнің Қазақстан үлгісін төрткүл дүниеге паш етті.

Тәуелсіз Қазақстанның толайым табыстары мен жетістіктері, Мемлекет басшымыздың көреген бастамалары мен идеялары Елбасы кітапханасындағы 7 көрмеде көрініс тапқан. «Елбасы жолы» көрмесіне 50-ден астам бірегей мұрағат құжаттары ұсынылған. Олар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл бастамаларынан және тәуелсіз еліміздің даму тарихынан сыр шертеді. Экспозиция арқылы 1990 жылдың 24 сәуірінен бастап бүгінгі күнге дейінгі тарих куәгерлерімен – құжаттармен, суреттермен танысуға мүмкіндік бар. Олар 5 тақырыпқа бөлінген: Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы, Қазақстанның экономикалық дамуы, Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: тұрақтылық пен даму векторы, Қазақстанның мәдени дамуы, Қазақстан әлемдік қауымдастықта.

Көрме еліміздің экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларындағы жасампаз өзгерістермен таныстырады. Түпнұсқалық тарихи құжаттарда тәуелсіз мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру жұмыстарының басты кезеңдері және Елбасының жаһандық деңгейдегі кемеңгер саясаткер ретіндегі рөлі жан-жақты көрсетілген.

0U3A0467

«Тәуелсіз Қазақстан – тұғырлы ел» көрмесі ширек ғасырдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуының, әлем таныған мәртебелі мемлекет ретінде қалыптасуының, еңселі елорданы гүлдендірудің басты 4 кезеңімен таныстырады. 12 витринадан тұратын экспозицияға 50-ге жуық бірегей фотосурет ұсынылған. Олардың арасында 25 жыл ішінде халықаралық қарым-қатынасты нығайтқан Елбасымыздың шетелдік іс-сапарларынан сыр шертетін альбом ерекше көзге түседі. Таңдаулы мұрағат материалдары еліміздің басты жетістіктері мен жеңістерінің куәгеріне айналған. Президенттік институттың қалыптасуы мен даму тарихын, тәуелсіз мемлекетіміздің өркендеу жолын Елбасының жеке мұрағатынан алынған құнды материалдар негізінде жаңа қырынан таныту діттелген.

Көрме жас буынның рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында азаматтық жауапкершілікті және отансүйгіштікті қалыптастыруға бағытталған.

0U3A03122

«Әлем қадірлеген Елбасы» көрмесінде көпшілік назарына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген шет мемлекеттердің  жоғары наградалары ұсынылған. Коллекцияда Ұлыбритания, Жапония, Ресей, Ватикан, Франция, Ауғанстан, Қытай және басқа да елдерден берілген 41 награда қойылған.   

Қазақстан тәуелсіздік жолының ширек ғасырлық белесін артта қалдырды. Санаулы жылдар арасында мемлекеттілікті қалыптастырудың және нығайтудың күрделі кезеңдері табысты жүзеге асырылған. Терезесі тең, керегесі кең елімізді гүлдендіру жолында отандастарымыз аянбай тер төкті. Осы жылдар жас мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін сынға салды. Миллиондаған отандасымыз сындарлы кезеңде ерлік пен елдіктің үлгісін танытты. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салған қазақстандық жолын, бірлік пен тұрақтылықтың үлгісін төрткүл дүние мойындады.   Оны «Н.Ә. Назарбаев – тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы» тақырыбындағы көрме паш етеді.  280 кітаптан тұратын мазмұнды топтама 4 бөлімнен тұрады: «Елбасы және Тәуелсіздік», «Ел және Елбасы», «Әлемдік тұлға», «Елбасы еңбектері әлем тілдерінде».

«Елбасына естелікке қолтаңба» кітап көрмесі арқылы 160 кітапты тамашалауға болады. Құнды тарихи маңызы бар жинақтар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа таяу және алыс шетел мемлекеттерінің басшылары, танымал қоғамдық және саяси қайраткерлер сыйға тартқан.   

0U3A0424

«Егемен елдің тәуелсіздік шежіресі» кітап көрмесіне еліміздің өткенінен және бүгінінен сыр шертетін 110 туынды ұсынылған. Экспозиция тұғырлы тәуелсіздіктің басты құндылықтарымен және игіліктерімен таныстырады: ел бірлігі, төл мәдениетіміз бен туған тіліміз, индустриялық-инновациялық экономика, Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамы, Астана, жаһандық жауапкершілік пен барша адамзаттық бастамалар.

0U3A0239

«Ұлы Дала елі» көрмесінде Елбасы кітапханасының қызметкері, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Нұржан Қарымсақовтың төлтуындылары паш етілген. Онда мемлекетіміздің ширек ғасырдағы табыстары мен жетістіктерін қылқаламмен сөйлеткен суретшінің 33 картинасы қойылды.

Көпұлтты халқымыздың бірлігі және ынтымағы арқасында Қазақстанның Тәуелсіздік тұғыры бекіді. Дамуға жол ашқан президенттік институттың қалыптасуы мен даму кезеңдері жайлы «Президенттік биліктің формуласы» деректі фильмі сыр шертеді. Туынды «Тұңғыш» кино күндері аясында көрсетілді.

выборы Президента РК.Алма-Ата, 1.12.1991 .

Келушілер үшін Робот-гид викторина ұйымдастырады. iDos-тың еліміздің тарихы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметі туралы сауалдарына мүдірмей жауап бергендер сертификатқа ие болады.