«ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ: ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ ЖАҢА ТАРИХЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

22 қыркүйек күні, сағат 11.00-де Елбасы кітапханасында (Ә.Бөкейхан көшесі, 1А) мемлекет тәуелсіздігінің 30 жылдығына мен Қазақстан Республикасы ұлттық архивінің 15 жылдығына арналған «Тәуелсіздік және Елбасы: жасампаздықтың жаңа тарихы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен ҚР Ұлттық архиві ұйымдастырмақ.

Конференцияға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Е. Көшербаев, Елбасы кітапханасының директоры Б.Б. Темірболат, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Р. Райымқұлова, Түркия Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік архивтің директоры Угур Юнал, БАӘ Ұлттық архивінің бас директоры Абдулла Аль-Райси, Қырғыз Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің директоры Ж.Д. Бечеков, Халықаралық Түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті»АҚ басқарма төрағасы Д.Қ. Қыдырәлі, Л.Н. Гумилёв атындағы ЕҰУ ректоры Е.Б. Сыдықов, Қазақстанның жаңа тарихын зерттейтін ғалымдар мен сарапшылар қатысады.

Конференция барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кеңсесінің басшысы М.Б. Қасымбековтың құттықтау сөзі оқылмақ.

БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс.

Оған қажетті мәліметті 21.09.21 күнгі сағ. 16.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электрондық поштасына жіберген жөн.

Байланыс нөмірлері: + 7 (7172) 69-30-56, 69-30-57.