Елбасы кітапханасына Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің Есіл аудандық полиция басқармасының қызметкерлері атбасын бұрды. Тәртіп сақшыларына экскурсия жүргізіліп, онда олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігінің қалыптасуына және тәуелсіз демократиялық мемлекет құрудағы Тұңғыш Президент Н. Ә. Назарбаевтың тарихи рөліне арналған экспозициялармен танысты.
–Еліміздің тарихын, мемлекетіміздің қалыптасу кезеңдерін, Қазақстанның әлемдік саяси аренаға қалай көтерілгені мен ондағы орнын білу – әрбір азаматтың борышы мен міндеті деп санаймын. Бұл жерде ұсынылған жәдігерлер де, экскурсия жетекшісінің әңгімесі де, жалпы осындағы атмосфера тәуелсіздігімізді алған сәттен бастап мемлекеттілігіміздің жаңа дәуірінің басталуымен тарих рухын сезіндіргенін атап өткім келеді. Әсіресе, менің назарымды Елбасыға өзге елдердің басшылары берген және оның әлемдегі беделін бейнелейтін мемлкеттік наградалары аударды, - деп Есіл аудандық полиция басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі, полиция лейтенанты Жанболат Сатыбалды алған әсерімен бөлісті.
Есіл аудандық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Салтанат Сеитова Елбасы кітапханасы экспонаттарының тарихи құнды екенін атап өтті:
– Жәдігерлерді тамашалау барысында, біз мемлекетіміздің қалыптасу кезеңдерінің бастауы мен алғашқы қадамдарын, Елбасының Қазақстанның дамуы мен жарқын болашағы үшін жұмсаған күш-жігері мен орасан еңбегін көрдік,- деп атап өтті ол.


