«ТӘУЕЛСІЗДІК ИГІЛІГІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРКЕМӨНЕР БАЙҚАУЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасы, Индонезия Республикасының Қазақстандағы елшілігі және Нұр-Сұлтан қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы Қазақстан мен Индонезияның балалары мен жасөспірімдері арасында халықаралық көркемөнер байқауын жариялайды.

 «Тәуелсіздік игілігі» байқауы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Индонезия Республикасы Тәуелсіздігінің 76 жылдығына арналған.

Байқауға қатысу үшін ұсынылған тақырыптардың біріне А4 форматындағы қағазға немесе кенепке (түрлі-түсті қарындаштар, акварель, акрил бояулары, майлы бояулар, аралас техника және т. б.) бояудың кез келген түрімен салынған суретті жолдау қажет:

  • Қазақстанның немесе Индонезияның дәстүрлері;
  • Қазақстанның немесе Индонезияның аңыздары, фольклоры;
  • Қазақстанның / Индонезияның көрікті жерлері (пейзаж);
  • Қазақстан мен Индонезия арасындағы достық;
  • Өз еліңде Тәуелсіздік қалай атап өтіледі.

Жұмыстарды қабылдаушылардың мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласының Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы, Бөгенбай даңғылы, 17, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан.

Байқауға Қазақстан мен Индонезияның 10-17 жас аралығындағы (А тобы: 10-12 жас, В тобы: 13-15 жас, С тобы: 16-17 жас) азаматтары қатыса алады.

Әр елден 50 үздік жұмыстар 2021 жылдың 25 тамызында байқауды ұйымдастырушылардың веб-сайттарында жарияланады. Байқау жеңімпаздары 2021 жылдың 15 қазанында Елбасы кітапханасының ғимаратында өтетін салтанатты марапаттау рәсімінде анықталады.

Жас санаттарына сәйкес әр елден 4 жеңімпаз ұйымдастырушы комитеттен сертификаттар мен арнайы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Әр елден 30 үздік жұмыс 2021 жылғы 15-30 қазан аралығында Елбасы кітапханасында және 2021 жылғы 29 қараша мен 17 желтоқсан аралығында Индонезия Республикасының Джакарта қаласындағы Ұлттық кітапханада өтетін халықаралық көрмелерде ұсынылады.

Жұмысты бүктемеуді және тегіс конвертке салуды сұраймыз. Тасымалдау кезінде жұмыс мыжылмайтынына көз жеткізіңіз. Жұмысыңыздың артқы жағына атыңызды, мекенжайыңызды, жасыңызды, жас санатын, жұмыс тақырыбын, ата-анаңыздың ұялы телефон нөмірін және электрондық почтаңызды көрсетуіңізді сұраймыз. Жұмыстар 2021 жылғы 20 тамызға дейін қабылданады.

Байланыс телефондар:

Нұр-Сұлтан қаласының Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы, эл. почта: Izabelle.2015@mail.ru, тел.: +7 7172 314253, мекенжай: Бөгенбай даңғ. 17, Нұр-Сұлтан қаласы.